114
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау
төмендегідей бағыттарда жүзеге асырылады: ақпараттың мазмұны; ақпараттың
сапасы; ақпаратты басқаруда пайдалану.
Ақпаратты қамтамасыз ету қағидалары: объективтiлiк; нақтылық;
толыққандылық; жеткiлiктiлiк; оңтайлылық; жүйелік; оперативтiлiк;
түсiнiктiлiк( 39-сурет).
Сурет-39. Ақпаратты қамтамасыз ету қағидалары
Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар: педагогикалық
жүйедегi инновациялық процестер; педагогикалық менеджмент; педагогикалық
диагностика;
бiлiм
беру,
тәрбилеу,
дамудағы жеткен
жетiстiктер;
шығармашылық қабiлет (40-сурет).
Педагогикалық-психологиялық зерттеулердің нәтижесінің сандық,
сапалық бағалау өлшемi болып, оқу процесiндегi күтiлетiн нәтиже мен қызмет
шарты белгiленген норма, эталон қабылданады. Норма мониторинг үшiн ең
негiзгi шарт, өйткенi нәтиже осы нормамен салыстырылады.
Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн
оқу-тәрбие процесiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Заманауи педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-
тәрбие процесiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық
диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты
нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес,
мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге
жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг барысында қолданылатын білім беру бағдарламасын жүзеге
асыру сапасы мен қалыптасатын көрсеткіштерінің жүйесі толықтық, жан-
Достарыңызбен бөлісу: