179
Креативті мұғалім
– өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан
негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған
ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім.
Қазіргі қоғам талабына сәйкес Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік
революция жағдайында оқушыларға әлемдік бәсекеге қабілетті білім беретін
іскер, шебер, талантты, креативті мұғалім қажет болады.
Креативті мұғалім – философия, педагогика, психология ғылымдарының
негізін, әдіснамасын терең меңгерген, қоғамдағы, білім беру саласындағы
болып жатқан инновациялық өзгерістер мен реформаларды жүзеге асыратын,
өзіндік көзқарасы, белсенділігі қалыптасқан озат, шығармашыл, жаңашыл,
зерттеуші мұғалім.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті атқару даярлығына қатысты
төмендегідей түрлері айқындалады:
1) педагогикалық іс-әрекет;
2) кәсіби іс-әрекет;
3) әдістемелік іс-әрекет;
4) шығармашылық іс-әрекет;
5) инновациялық іс-әрекет;
6) технологиялық іс-әрекет;
7) ғылыми зерттеушілік іс-әрекет;
8) ғылыми ізденушілік іс-әрекет.
Инновациялық даярлығы қалыптасқан креативті мұғалім педагогикалық
іс-әрекетті кәсіби тұрғыдан қарап, оны әдістемелік жағынан түрлендіріп, өзінің
шығармашылығы арқасында инновациялық деңгейге көтеріп, технологиялық
операцияларды жүйелеп, педагогикалық іс-әрекеттің жетістіктері мен кемшіл
тұстарын зерттеп, себептерін ашып, өзінің іс-тәжірибесінен шыққан
технологияны ғылыми жағынан негіздеп, ғылыми ізденушілік іс-әрекет
атқарады.
Мамандықты жетілдіру үш бағытта жүргізіледі: тәжірибесі аз мұғалімдер
– жас мұғалімдерге жекелей, топтық көмек көрсету және әдістемелік жеке
тапсырмаларды орындауға тарту жұмыстарын жүргізетін «Жас мұғалімдер
мектебі» жұмысын ұйымдастыру; педагогикалық шеберлік мәселелерін
жетілдіруге баулу жұмыстарын жүргізу, ол үшін пән әдістемелік
бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту; оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеру,
инновациялық тәжірибені насихаттау және тарату. Әдістемелік жұмыс
басқарушылық жүйенің құрамды бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: