180
- Мұғалімдердің кәсіби даярлығының және оқу-тәрбие жұмысының
сапасын тексеру, талдау, болжау жасау.
- Оқу-тәрбие
жұмысы,
әдістемелік
жұмыс
жағдайы
туралы,
педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес шешімдердінің орындалуы жайлы
мәліметтер банкін құру.
- Озат тәжірибе туралы, педагогика, психология саласындағы жаңа
зерттеулер, мектеп жұмысы жөніндегі ғылыми-әдістемелік материалдар
банкін құру.
- Оқу-тәрбие жұмысының мазмұн, форма, әдіс-тәсілдерін дамытудың
жақын арадағы және келешектегі мақсаттарын айқындау, ұжымның және жеке
арадағы және келешектегі мақсаттарын айқындау, ұжымның және жеке
мұғалімнің ғылыми- әдістемелік іс-әрекетін дамыту.
- Әдістемелік кеңестің жоспарлау, ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік
жұмыс мазмұны жөнінде ұсынысын дайындау.
Әдістемелік бірлестік – білім мекемесінің әдістемелік қызметі
құрылымындағы негізгі білім болып табылады. Бірлестік бір немесе туыстас
бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу-тәжірибелік және
сыныптан тыс жұмыстарды атқарады.
Бір пәннен немесе бір білім аймағынан сабақ беретін мұғалімдер саны 3-
тен көп болған жағдайда әдістемелік бірлестік құрылады. Әдістемелік
бірлестіктер мен ондағы мұғалімдер саны білім мекемесінің алдына қойылған
кешенді мақсат-міндеттерді шешу қажеттілігімен анықталып, мектеп
директорының бұйрығымен бекітіледі.
Әдістемелік бірлестік жұмысына мектеп директорының оқу-тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді. Әдістемелік бірлестік жұмысы мектеп
директоры бекіткен жылдық жоспар негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: