өсуіне тигізер әсері: мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімінің
деңгейі, дамыта оқыту әдістерін пайдалану, мұғалімнің өз білімін көтерудегі
шығармашылық белсенділігі.
4) Мұғалімнің педагогикалық, іс-әрекетінің нәтижесі: оқушылардың
жалпы білімділік, іскерлік дағдыларын дамыту, сабақта оқушының пәнге деген
қызығуы, шығармашылық белсенділігі, оқушылардың пән бойынша білімі, пән
олимпиадаларының қорытындысы.
Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді формалары: дөңгелек үстел
басындағы сұхбат, іскерлік ойын, пікірталас, конференция, педагогикалық
оқулар, т.б.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын ең маңызды талап – ол әдістемелік
жұмысты үнемі жетілдіру:
1) Педагогикалық
білім беру тұжырымдамасы (М.А.Құдайқұлов,
С.И.Архангельский, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель және т.б.).
2) Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру тұжырымдамасы
( А.М. Гельмонт, Н.В. Кузьмина, Н.В. Кухарев және т.б.).
3) Ғылыми-әдістемелік
жұмыстарды
ұйымдастыру
(Я.С.Бенцион,
Е.С.Березняк, Л.И.Гусев және т.б.).
4) Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру тұжырымдамасы
(Я.С.Бенцион,
Е.С.Березняк,
Л.И.Гусев,
А.Н.Зевина,
Х.И.Лийметс,
Б.А.Әлмұхамбетов, Н.А.Абишев, А.Н.Зевина, Х.И.Лийметс, П.В. Худоминский
және т.б.);
5) Педагогикалық шығармашылық тұжырымдамасы (Н.Д.Никандров,
М.Н.Скаткин, В.И. Загвязинский, Я.С.Турбовской және т.б.).
6) Жаңашыл тәжірибені жинақтау тұжырымдамасы (Ю.К.Бабанский,
В.И.Журавлев, В.Ф. Шаталов және т.б.).
7) Инновациялық
білім
беру
тұжырымдамасы
(В.А.Сластенин,
Л.С.Подымов, Н.Р.Юсуфбекова, Н.Ш.Чинкина, Ж.А.Қараев, К.Д.Бузаубакова
және т.б.).
8) Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы
(Н.Д.Хмель, Н.В.Кузьмина, И.И.Цыркун, З.А.Исаева, Ш.Т.Таубаева және т.б.).
9) Жаңа формация мұғалімінің тұжырымдамасы (М.Н.Сарыбеков, т.б.).
174
18-кестеде мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру мен даму
кезеңдері ашылды.