193
Алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау және
тарату жолдары:
1) Мұғалімнің іс-тәжірибесін оқып-үйрену (сабақтарға қатысу, сабағын
талдау, жеке әңгіме, т.б.).
2) Мұғалім тәжірибесін проблемалық тақырыбы бойынша жинақтау.
(Жинақтау жұмыстарының түрлері: буклет, шығармашылық есеп, ашық
сабақтар, әдістемелік веб-сайттар т.б.);
3) Мұғалімнің озық тәжірибесін тарату (оның түрлері: журналға мақала
беру, аудандық, мектепішілік педагогикалық оқуларға қатысу, аудандық
семинарлар өткізу).
4) Озық тәжірибелі, жаңашыл республикаға, облыс, ауданға, белгілі
мұғалімдер тәжірибесін оқып-үйрену, оны іс-тәжірибесінде пайдалану
(баяндамалар газет шығару, буклет, дөңгелек стол басындағы әңгіме, сұхбат
және талдау).
5) Әдістемелік көрме өткізу. Сыныптан тыс жұмыстар: пән бойынша
сайыстар (пән олимпиадалары), үйірмелер, факультативтік сабақтар, пән
апталықтары, пән бойынша газеттер, білім сапасы күні, шығарма жаудан,
мәнерлеп оқудан сайыс (тіл сабақтары бойынша) өткізіледі.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда әдістемелік жұмыстардың
атқаратын рөлі зор болмақ, сондықтан да бүгінде әдістемелік жұмыстардың
мазмұнын жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Ал бұның өзі мектептердегі
әдістемелік жұмыстарды жаңа үлгіде ұйымдастыруды талап етеді.
Мектепте мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыруда әдістемелік
жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен
қолданыс табуда:
1) Әдістемелік коллаж.
2) Әдістемелік тренинг.
3) Панорамалық сабақ.
4) Блиц-панорама іскерлік ойыны.
5) Әдістемелік дөңгелек үстел.
6) «Педагогикалық идея» аукционы.
7) «Ашық мінбе» педагогикалық идеялар аукционы.
8) Әдістемелік фестиваль және т.б.
Сондықтан, бақылаудың сан алуан түрі мен әдістерін мектепті
басқаруды жетілдіруге, бұқараландыруға сай келетіндей педагогикалық және
оқушылар ұжымының нақтылы жағдайларына қарап таңдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: