К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет241/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Бірінші  кезең  –  педагогикалық  іскерлік  (теориялық,  практикалық 
даярлығы); 
Екінші кезең  –  педагогикалық шеберлік  (мұғалімнің гуманистік  бағыты, 
педагогикалық қабілеттері, педагогикалық техникасы); 
Үшінші кезең – педагогикалық шығармашылық (оқу-тәрбие жұмысының 
тәсілінің түр өзгерісі, олардың модернизациясы); 
Төртінші  кезең  –  жаңашылдық  кезеңі  (оқыту  процесіндегі  жаңа 
прогрессивті идеяларды  ұсыну мен жүзеге асыру). 
М.Ф.Харламов  педагогикалық  шығармашылық  пен  жаңашылдық 
түсініктерінің ерекшеліктерін саралап көрсетеді. 


197 
 
Әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  мектептің  типі,  оның  орналасқан 
жері және т.б. жағдайларға байланысты түбірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұндай 
жағдайда 50-ден 100-ге дейін оқушысы, 10-12 мұғалімі бар шағын комплектілі 
орта  мектептерде  едәуір  қиындық  кездеседі.  Ауыл  мектептердің  тәжірибесі 
осындай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасында құрылған әдістемелік 
бірлестікке топтастырудың тиімділігін көрсетіп отыр. 
Мектепте  әдістемелік  жұмыстарды  ұйымдастырудың  түрлері  өзгермелі 
болып  келеді.  Олар  төмендегідей  негізгі  факторларға  байланысты  өзгеріп, 
жаңарып отырады: 

 
Білім беру төңірегіндегі мемелекеттік саясат, заң актілері, құжаттар; 

 
Мұғалімдердің  педагогикалық  мәдениетінің  деңгейі,  олардың  жеке 
кәсіптік 
өлшемдері 
болжамдау 
процесінде 
анықталған-әдістемелік 
сауаттылығы. 

 
Мектеп  ұжымының  моральдық-психологиялық  ахуалы,  әдістемелік 
жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық-техникалық мүмкіндігі. 

 
Мектептегі  педагогикалық  тәжірибені  оқып  үйрену,  мұғалімдердің 
инновациялық  белсенділігі,  мектеп  басшыларының  әдістемелік  жұмысты 
кәсіптік  деңгейде  іске  асыруға  дайындығы;  мұғалімдердің  арасындағы, 
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай. 
Мектепішілік  әдістемелік  жұмыстарын  мектеп  көлемінде  болып  жатқан 
талдаулар  негізінде  бірқатар  пікірлерді,  неғұрлым  маңызды  деген  әдістемелік 
жұмыстың  оқу-тәрбие  жұмысының  барысына  ықпал  жасап,  оның  сапасы  мен 
тиімділігін  арттыратын,  басқару  ісіне  құрал  бола  алатын  жақтарын  ұсынуды 
жөн көрдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет