Нәтижелілік өлшем– педагогикалық қызмет нәтижесі. Оқушының пән
бойынша үлгерімін және олардың тәртіптілік деңгейін анықтауда
ескерілетіндер :
1) пәндік нақты білім қоры;
2) игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу, есептеу және т.б.);
3) табиғат және қоғамда жүріп жатқан оқиғалар мен құбылыстардың
мәнін түсіну;
4) оқушының дербестігі, өз бетінше іс-әрекет жасау дәрежесі;
5) оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі;
6) тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тәртіп принципi,
қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділігі, эстетикалық және тән-дене
мәдениетіне орай талғамы.
Әрине, оқу-тәрбие жұмыстарының оқушы арқылы көрінетін нәтижелері
мұғалім қызметін бағалауда қажет-ақ, дегенмен, олармен шектелу
шынайылыққа нұқсан келтіреді.
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі дәрежеде
орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-әрекет процесін ескерген
де жөн.