207
Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн педагог кадрларды даярлау кезiнде
қосымша мамандандыру мүмкiндігі болады: мектепке дейiнгi жастағы
балалармен жұмыс жөнiндегi педагог-психолог, мектепке дейiнгi бiлiм беру
менеджері және т.б.
Бiлiм
беру
бағдарламалары
инновациялық
педагогикалық
технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет
дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын
меңгерген көптiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім және ептіліктер игеру және
кәсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеруі үшін
кәсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нәтижелері бойынша кәсіби іс-әрекеттің белгілі
саласында жұмыс жасау құқығына кепіл болатын мемлекеттік үлгідегі диплом
беріледі.
Елде қабылданған мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі –
сараптау (аттестация) – педагогтер мен мектеп басшыларының біліктілігін
көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі.
Сараптау мақсаты– кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-
тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту, сонымен бірге
нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекеленген еңбек жалақысын
беру жолымен педагогтердің әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл
орайда мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы
сәйкестікті ұстану көзделген.
Кәсібилік деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік санатын тағайындау да
осы сараптау қызметінің нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: