2.5 Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару Мектепішілік басқару жүйесі ұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде. Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары. Басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Мектептегі рухани-психологиялық ахуал. Педагогикалық процесті басқару – қойылған
мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін
зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып
табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола
алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың,
қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару
субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру
басқармалары болып бөлінеді. Жалпы орта білім беретін мектептер күрделі
динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.