Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал. Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара
қатынастың деңгейі ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалмен
айқындалады. «Психологиялық ахуал», «әлеуметтік-психологиялық ахуал»
немесе «микроахуал» ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар.
Географиялық ахуал сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық ахуал
адамның осындай ахуалдағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық
және кәсіптік қатынастарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді.
Ұжымдағы психологиялық ахуалдың мазмұндық сипатын адамдардың
өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс
процесіне көңілі толуын айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды
сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік- психологиялық ахуал қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-
психологиялық
ауа-райымен,
жылы
шырайлылықпен,
парыз
бен
жауапкершілікті
құрметтеумен,
өзара
талапшылдықпен,
сергектікпен
ерекшеленеді. Сондықтан да А.С.Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы
сергек көңілді екпінге баса мән берген.