223
3) бір адамды марапаттауға қарағанда бүкіл топтың еңбегін марапаттау
тиімдірек. Басшылықтың демократиялық стилі, еңбек және өзара қарым-
қатынастарды қанағат тұту деңгейін арттыру, ынтымақтастық атмосферасын
жасау әлеуметтік марапаттау элементтері болып табылады.
Э.Мейоның пікірінше, басқарушылардың назарын адамдардың еңбек
қызметінің әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне шоғырландыру –
қоғамдық қарама-қайшылықтарды шешудің және қоғамның әлеуметтік
тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі амалы.
Э.Мейоның ұсынған еңбек өнімділігін арттыру тәсілдері:
- кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшыларының өзара мүдделерін есепке
алуға негізделген паритеттік басқару;
- жаңа техника мен технологияларды енгізумен, еңбектің жағымды
жағдайын жасаумен қамтамасыз етілетін еңбекті ізгілендіру;
- ұжымдық
шешімдерді
қабылдау,
кәсіпорынды
басқарудың
демократиялық стилі;
- жұмысшыларды кәсіптік оқытуға және олардың кәсіптік біліктілігін
арттыруға жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: