3) Жеке басқару және ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті
ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында
субъективизм мен әміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен
бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің әрбірінің жеке
жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ол жеке басқару тәртібін, педагогикалық
процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап
жүруін қадағалайды.
Педагогикалық кеңес – мектеп басқарудағы ұжымдық орган.
Педагогикалық кеңес педагогикалық ұсыныстарды, идеяларды, инновацияны
ұйымдастырады, мектепішілік біліктілікті арттыру, мұғалімдердің шеберлігін
насихаттауда биік міндет атқарады.
Педагогикалық кеңес барлық білім беру саласындағы мекемелердің
бәрінде өтеді. Үш мұғалім бар жерде, негізгі шешуші орган бола алады. Ол оқу-
тәрбие жұмысын ұйымдастару мен жүргізу әдістерін талқыға салады. Оның
арқарушы міндеті жалпы білім беретін мектептердің педгогикалық кеңесі
нұсқауына сай жүргізеді. Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаттарының бірі –
барлық ұжым бірлігін оқу-тәрбие жұмысында педагогика ғылымдарының
жетістігін, озат тәжірибелерді пайдалана отырып, жоғары сапалы
көрсеткіштерге жету.
Мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестіктер жетекшілері мұғалімдердің,
тәрбиешілердің сабақтарына, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарына
ұйымдасқан түрде қатысып, педагогикалық талдаулардың нәтижелерін бір-
біріне дер кезінде хабарлап отырады.
Кезінде автор басшылық жасаған Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің педагогикалық кеңесінің жылдық
іс-жоспары берілді (22-кесте).