230
3)
психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек
білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (жанға-жайлы, оңтайлы
психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық
сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі
болжамдарымен таныстыру);
4)
қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды
білім мекемесін басқаруға араластыру);
5)
қоғамдық ықпал әдістері (ұжымда демократияны нығайтып,
басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі
мен мәртебесін ұлықтау).
Білім беру жүйесіндегі менеджменттің ерекшеліктері мен
инфрақұрылымы. Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған
басқа да оқу-тәрбие беру мекемелерінің педагогикалық жүйесін әрқайсысы өз
алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер
бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:
1) Дидактикалық. Бұл жүйе өз ішіне сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие
жұмыстарын; міндетті және факультатив дәрістерді; оқу процесін
ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы және
мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) өз алдына жүйе бірліктері
ретінде қамтиды.
2) Тәрбиелік.Үлкен жүйе бола тұрып, сыныптан тыс және мектептен тыс
тәрбиелік жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және
өзіндік тәрбие жүйешелерінен құралады.
Достарыңызбен бөлісу: