К. Д. Бузаубакова


Менеджменттің құралдары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет291/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Менеджменттің құралдары мен әдістері 
Менеджменттің негізгі құралдары төмендегідей: 
1) Алдағы  істелінетін  жұмыстың  мақсатын  айқындау:  соңғы  күтілетін 
нәтижені білу. 


232 
 
2) Ұжымның  әрбір  мүшесінің  міндеттерін  бөліп  көрсету,  бұл  міндеттерді 
орындаудың операцияларын жете білу. 
3) Мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау. 
4) Істелінетін  жұмыстың  нәтижесін  өлшейтін  сапалық  көрсеткіштерді 
анықтау. 
5) Жұмысқа қатыстырылатын адамдардың әр қайсысының міндеттері мен 
жауапкершіліктерін анықтау. 
6) Жұмысты  орындаушыларды  жұмысты  бастар  алдында,  жұмыс 
барысында «Не?», «Немен?»,  «Қалай?»,«Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген 
сұрақтарға жауап беретіндей нұсқаулармен қаруландыру. 
 Әрбір 
адам  шығармашылықпен  жұмыс  жасайтындай  жағдай 
жасалуы қажет. Ғылыми іс-тәжірибе көрсеткендей,  адамдарды басқару, адами 
орталықтандырудың  басты  құралы  –  адамдарды  құрметтеу  және  адамдарға 
деген сенім. 
Педагогикалық  процестің  барлық  сипаттамалары  бойынша    шынайы  
диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін, 
оқушы әрекетінің өнімін зерттеуді, сауалнаманы, сабақты, оқу мен оқудан тыс 
әрекеттің  басқа  да  түрлерін  талдау  мен  өз  бетінше  талдауды,  бақылауды, 
әңгімелесуді,  социометриялық  талдауды,  әртүрлі  диагностикалық  карталар 
толтыруды, тестілерді, т.с.с. кешенді түрде пайдалану қажет. 
Педагогикалық  зерттеу  әдістерімен  алынған  мәліметтер  салыстырмалы 
түрде  талдануы  маңызды,  яғни  уақыт  жағынан  бөлек  нәтижелерді  салыстыру 
керек.  Бұл  шартты  орындауда  диагностикалық    мәліметтер  педагогикалық 
процесті әртүрлі кезеңдерінде жөнге келтіруге, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің, 
сынып  жетекшісінің,  мұғалімнің  жұмыс  жоспарларының  барлық  түрлерін 
түзетуге  негіз    болып  табылады.  Педагогикалық  процестің  сипаттамаларын 
зерттеп,  мектеп  әкімшілігі  мен  педагогтар  ұжымы  оқу-тәрбие  процесінің 
қызметі  мен  жай-күйін  өзгертуге  бағытталған    тиісті  басқару  шешімдерін 
әзірлеу үшін ақпаратты іріктейді.  
Педагогикалық  процестің  диагностикасы  оқыту  теориясы  мен 
практикасында  педагогикалық  процесті  басқарудың  қазіргі  деңгейінің  негізі 
ретінде  қарастырылады.  Сондықтан,  қазіргі  мұғалімнің  жетекші  міндеттерінің 
бірі  педагогикалық  процесті  диагностикалау  болып  табылады,  ол  үшін 
ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет.  
Педагогикалық  процестің  барысы,  жағдайы,  нәтижесі  туралы  жеткілікті 
ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу 
керек.  Педагогикалық  зерттеу  әдістерін  кешенді  қолдану  диагностикалық 
мәліметтердің толықтығын және дәлелділігін қамтамасыз етеді (5-сурет). 
 Диагностикалық 
мәліметтер  педагогикалық  процесті  басқаруға, 
мезгілінде  түзету  енгізуге,  педагогикалық  процесті  басқарудың  алдағы 
жоспарын сапалы етуге жол ашады.  
Бақылау-зерттеу  –  заттар  мен  құбылыстарды  мақсатты  зерттеу, 
мағлұматтарды  іріктеп  жинау,  көзбен  көргенді  сезім  мүшелерімен  қабылдау 


233 
 
және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, 
қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. 
Бақылаушының  бастапқы  мақсаты  нені  бақылау  керек  және  қандай 
құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. 
Зерттеу  барысында  бақылап-зерттеу  түрлерінің  сан  алуан  жіктемесін 
ажыратуға болады (63-сурет). 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет