Кадрлардың орын ауыстырудың бастапқы мәліметтері болатындар: қызмет мансап модельдері; ұйым философиясы; еңбек кодексі; аттестациялық
комиссия материалдары; қызметкердің еңбек келісімшарты; штаттық кесте;
лауазымдық нұсқаулар; қызметкерлердің жеке іс-қағаздары; еңбекақысы
туралы тәртібі; кадрлар ауыстыру тәртібі.
Кадрларды ауыстыру жүйесіндегі құжаттар: қызмет мансабының
жоспар модельдері; жеке құрам бойынша бұйрықтар; келісімшартқа өзгерістер
және толықтырулар; өзгерістерімен штаттық кесте; кадрлар қозғалысы жөнінде
жылдық есеп; еңбектің ғылыми ұйымдастыруының жобалары.
Кадрлар ауыстыруында маңызды болып келетін – қызмет мансабын
зерттеу барысында мансап нұсқаларының көптігі төрт негізгі моделдерінің
байланыстыруынан болады: «трамплин», «баспалдақ», «жылан», «жолайырық».