Дәстүрлі басқаруда шаруашылық басшы іс-шаралардың маңызын
көрсете отырып, қызметтік міндет бөлінісін жасайды, ұзақ мерзімді жоспар
жасай отырып, жоспардың орындалу барысы туралы кезеңдік есеп береді.
Нәтижелік басқаруда менеджер басшы нәтиженің алатын орнын
көрсете отырып, нәтижелік міндет бөлінісін жасайды, стратегиялық жоспар
жасай отырып, нәтиженің анықталу барысы бойынша нәтижелік есеп береді.
Дәстүрлі басқаруда даму қалыпты емес және біржақты жүреді, іске атүсті
қарау басым, шаралар науқандық сипатта кемшіліктерді жоюға бағытталған
болады.
Нәтижелік басқаруда даму жүйелі және кешенді бағытта жүреді,
мақсатты іс-әрекеттер қиындықтың алдын алуға бағытталады.
Дәстүрлі басқаруда нәтиже нақты көрсетілмейді, мектепішілік бақылау
жұмысы соңғы нәтижеге ғана бағытталған, іс-шараны талдау жалпылама және
жауаптыны жазалау үшін жүргізіледі.
Нәтижелік басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық
мониторинг негізінде аралық нәтижелермен де жұмыс жасалады, процесс
себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға
бағытталады.
Нәтижелік басқару екі өзара байланысты процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан
басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе,
нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру
процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі (64-
сурет).