К. Д. Бузаубакова


Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері



Pdf көрінісі
бет303/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері: 
1-кезең  –  күтілетін  нәтижені  анықтау.  Үлгерім,  жарыстар  мен  сайыстар, 
денсаулық  пен  тәрбие  бойынша  жету  керек  нәтижелерді  кесте  түрінде  сандық 
негізде жазу. 
2-кезең –  осы  көрсеткіштер  бойынша  мектеп  жұмысының  нәтижесін 
бақылау.  Осы  салалар  бойынша  мектептің  қазіргі  көрсеткіштерінің  нақты 
деңгейін айқындап ашып көрсетуге болатын деңгейде анықтау. 
3-кезең –  екі  нәтижені  салыстыру,  ауытқуды  анықтау.  Мектептің  қазіргі 
көрсеткіштерінің  бұл  нәтижелерге  қаншалықты  жетпей  жатқандығын 
салыстырмалы кесте түрінде беру. 
4-кезең –  осы  ауытқуға  әсер  еткен  оқу-тәрбие  процесінің  кемшіліктерін 
анықтау.  Пәндерді  тереңдетіп  оқыту,  жаңа  пәндер  енгізу  және  оқыту 
әдістемесін  (технологиясын)  жетілдіру,  сыныптан  тыс  шаралардың  ықпалын 
арттыру, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосу бойынша іс-әрекетте кетіп жатқан 
кемшіліктерді анықтау. 


240 
 
5-кезең  –  оқу-тәрбие  процесі  кемшіліктері  мен  нәтижесіне  әсер  еткен 
жағдайлар.  Кадрмен  қамтамасыз  ету,  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету, 
материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету,  қаржыландыру,  ынталандыруды 
жүзеге асыру бойынша өз күшімен түзетуге болатын және арнайы көмек керек 
болатын кемшіліктерді бөліп жазу. 
6-кезең  –  осыдан  нақты  себептері  көрсетілген  маңызды  проблемаларды 
белгілеу.  Дарынды  немесе  жай  баламен  жұмысқа  қажетті  кадрлар  іздеу, 
мектептегі бар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар 
мен  оқулықтар  (жай  немесе  электронды)  алу  не  жасау,  оқу-тәрбие  процесін 
әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша 
мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет