245
Педагогты қызмет мақсаттарына бағдарлау, педагог кәсіптілігінің соңғы
екі деңгейінде пайда болатын оның рефлексиясы мақсаттар бойынша және
рефлексивтік басқару деген менеджменттің заманауи технологияларымен
үйлеседі.
Менеджер ретінде педагог
функцияларын кеңейту және жетілдіру, кем
дегенде, басқару бойынша оның қызметінің жүзеге асырылуының үш бағытына
негізделеді:
- білім беру мекемесінің қызметімен;
- оқу-тәрбие процесімен, білім алушылардың дамуы мен білімімен;
- өзін-өзі дамыту және өз кәсіптілігін жетілдірумен.
Педагогтер қауымымен жүргізілетін ғылыми-әдістемелік жұмыстар 4
бағытта жүргізіледі:
1) «Зерде» әдістемелік орталығы.
2) «Шапағат» ғылыми әдістемелік орталығы.
3) «Ұшқын» оқушылардың ғылыми қоғамы.
4) «Тағылым» тәрбие орталығы.
«Зерде» әдістемелік орталығы мектептегі пән бірлестіктерін
қамтиды:
1) Бастауыш сынып пән мұғалімдерінің бірлестігі.
2) Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің бірлестігі.
3) Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің бірлестігі.
4) Шетел тілі (ағылшын тілі) пән бірлестігі мұғалімдерінің бірлестігі.
5) Жаратылыстану пән мұғалімдерінің бірлестігі (Информатика, Физика,
Математика, Химия, Биология).
6) Технология, сурет пәні мұғалімдерінің бірлестігі.
7) Тарих, құқық негіздері пәндері мұғалімдерінің бірлестігі.
8) Дене шынықтыру пән мұғалімдерінің бірлестігі.
Сондай-ақ, мектептегі пән мұғалімдері, білімдері мен ұстаздық шеберлігі,
біліктеріне қарай 3 мектепте (топқа) жинақталады: жетілу мектебі, шыңдалу
мектебі, шеберлер мектебі.
Достарыңызбен бөлісу: