Жетілу мектебіне мектептегі жас мамандар мен біліктілігі төмен
мұғалімдер топтастырылады. Олармен арнайы курстар, семинарлар
ұйымдастырады.
Шыңдалу мектебіне еңбек стажы 5-10 жыл шамасындағы ІІ санатты
мұғалімдер біріктіріледі. Оқу ісінің меңгерушілері олармен озат іс-тәжірибені
үйрену, зерттелу сияқты жұмыстар жүргізеді.
Шеберлер мектебіне негізінен І және жоғарғы санатты мұғалімдер
кіреді. Бұл мұғалімдер озық іс-тәжірибені насихаттау, тарату жұмыстары
жүргізіледі, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену, зерттеу бойынша ізденіс жұмыстары
жүргізіледі. Жылына бір рет мұғалімдермен педагогикалық консилиум
өткізіледі.