К. Д. Бузаубакова


Оқу-тәрбие процесіндегі сапаны басқару



Pdf көрінісі
бет314/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Оқу-тәрбие процесіндегі сапаны басқару. Мектеп басшысының міндеті: 
мақсат 
бірлігін 
қамтамасыз 
ету 
бойынша 
аталған 
саясат 
пен 
жауапкершіліктердің 
барлығын 
жүзеге 
асыруды, 
басқару 
дәстүрін 
сабақтастыруды,  барлық  қызмет  түрлерін  процестік  көзқараспен  қамтамасыз 
етуші  сапа  менеджменті  жүйесін  тұрақты  түрде  жақсарту  мен  қолдауды  және 
нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдау. 
Білім  беру  сапасын  бағалаудың  ұлттық  жүйесі  құрылды.  Ол  тәуелсіз 
сыртқы    бағалаудың  барлық  элементтерін  (лицензиялау,  аттестаттау, 
аккредиттеу,  рейтинг,  бірыңғай  ұлттық  тестілеу  (ҰБТ),  мемлекеттік  аралық 
бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды. Барлық 
облыстарда  білім  беру  сапасын  бағалаудың  облыстық  жүйесі  енгізілуде.  Білім 
берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.  
ҚР  «Білім  туралы»  Заңының  «Педагогикалық  қызметкердің  құқықтары, 
міндеттері  мен  жауапкершілігі»  деген  51-бабына  сәйкес  педагогикалық 
қызметкер білім беру ұйымы басқаруының ұжымдық органдарының жұмысына, 
бірінші  кезекте,  мектептің  педагогикалық  кеңесінің,  ЖОО-ның  ғылыми 
кеңесінің жұмысына және т.б. қатысуға құқылы.  
Педагогикалық  процесті  басқару  басқарушылар  мен  бағынушылардың 
өзара  өзгеру,  өзара  әрекет  етуші  субъектілердің  және  осы  өзара  әрекет  ету 
процесінің өзгеруі ретінде түсіндіріледі. 
Ғалым Ю.К.Бабанский басқару байланыстарын жүйенің қалыпты қызмет 
етуін  қамтамасыз  ететін,  негізгі  жүйе  құрушы  байланыстары  ретінде 
қарастырды.  
Басқару функцияларының нақтылығы, басқару байланыстарының сипаты 
бірқатар  параметрлерге  байланысты.  Бірінші  кезекте,  білім  алушылардың 
жасына  байланысты:  кіші  сыныптардан  жоғары  сыныптарға  қарай  педагогтер 
тарапынан  оқушылардың  қызметімен  басқарудың  тікелей  нысандарынан 
неғұрлым  жанама  түрлеріне  көшуі  қатар  оқушылардың  дайындалғандық 
деңгейіне  байланысты,  үлгерімі  төмен  оқушылармен  жұмыс  істеу  кезінде, 
үлгерімі  жақсы  оқушыларға  деген  көзқараспен  салыстырғанда,  олар  тым 
мықты, қарқынды болатыны орынды. 
Педагогтің педагогикалық процесті басқару бойынша қызметін жүргізуге 
дайындығы    тек  білімнің  болуында  және  ұсынылған  ептіліктердің 
қалыптасуында  ғана  емес,  сонымен  қатар,  педагогтің  осы  қызметі  оқушыны 
педагогтың  әсер  ету  объектісінің  ұстанымынан  өзінің  оқыту  субъектісінің 
ұстанымына ауыстыруына бағыттауына болатыны көрсетілген ( 26-кесте). 
В.П.Панасюк,  білім  беру  қызметтері  тұтынушыларының  әртүрлі 
топтарын  қарастыра  отырып,  оқушылар  –  білім  беру  қызметінің  белсенді 
қатысушылары (мұғалімдермен қатар) екенін көрсетті.  
Білім алушының белсенділігі тәжірибеден тәуелсіз оқу-тәрбие процесінде 
жүргізілетін  басқарудың  маңызды  құрауышы  екені  оқу  қызметін  және  оны 
құрайтын  оқу  әрекеттерін  талдау  арқылы  ашылады.  Белгілі  психолог 
П.Я.Гальперин  әрекет  құрылымын  аша  отырып,  оны  атқаратын  функциялары 
бойынша шамалы, атқарушы және бақылау деген үш бөлікке бөледі. 


248 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет