253
2)
Оқу-әдістемелік – сабақтардың мазмұнын таңдау, түрлі курстарды
кіріктіру, жетекші идеяларды айқындап алу.
3)
Технологиялық – бақылау, бағалау, оқытудың белсенді түрлерін
ұйымдастыру, құзіреттілікке енетін біліктердің тобын анықтау, инновациялық
технологияларды қолдану.
4)
Психологиялық-педагогикалық
–
оқушылардың
даму
диагностикасын іске асыру, оқу уәжін ынталандыру жүйесі, оқушыларды
бірлесе басқаруға тарту.
Мұғалімнің жеке-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру
мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес,
сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктер де енеді. Мұның бәрі тұтаса келе,
педагогтің тұлғасын дамытады, қалыптастырады, ол қызметінде, яғни,
практикада өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру тәсілдерін игереді.
Мұғалімнің тұлғалық құзіреттілігінің құрылымы ол игерген
педагогикалық біліктер арқылы ашылады, ал біліктер педагогикалық
міндеттерді шешуге бағытталған және теориялық білімге негізделген, үздіксіз
дамитын әрекеттердің тұтастығы арқылы ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: