Ұжымды басқару кезіндегі өзара қарым-қатынас және деңгейін білу құрылымы. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісімге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру. Сапалы білім мен саналы
ұрпақты қалыптастырушы, әрине, ол – ұстаз. Қоғам талабына сай кәсіби
мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Жаңа формация мұғалімі –
кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар,
рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға. Педагог
өзі құзіретті болмай, мақсатқа жетуі екіталай. Сондықтан да бүгінгі күннің
өзекті мәселесі – педагогтердің жеке тұлғалық құзіреттілігін үздіксіз дамыту.
Қазіргі таңда мұғалім құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде төмендегідей
міндеттер жүктеліп отыр: 1) Мамандығы бойынша негізгі дайындығының болуы.
2) Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және
этикалық нормаларын білуі.
3) Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы
және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.
4) Компьютерлік техниканы меңгеруі.
5) Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында
мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі..
Педагогтің кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады.