К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет324/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

 
 
3.2 Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы 
 
Коммуникация    түрлері:  ішкі  және  сыртқы,  формальды  емес, 
вербальды  және  вербальды  емес.    Педагогикалық  менеджменттің  
коммуникативтік  компоненті.    Коммуникациялық    процестің  басшысы 
ретінде  мұғалімнің  рөлі.  Коммуникация    процесінің  элементтері. 
Педагогикалық  қарым-қатынас  –  педагогикалық  қызметтің  күрделі  саласы, 
кәсіптік  іскерлікті  қажет  ететін  қарым-қатынас.  Педагогикалық  қарым-
қатынаста  ұсақ-түйек  жоқ:  көзқарас,  дене  қимыл,  көз  жанарының  көзқарасы  –   
бәрі мәнді. 
Қарым-қатынас  – екі  немесе  одан  да  көп  адамдардың  арасындағы 
танымдық  немесе  эмоционалды  ақпарат,  тәжірибе,  білім,  біліктер,  дағдылар 
алмасу.  Қарым-қатынас  тұлғалар  мен  топтар  дамуының  және  қалыптасуының 
қажетті шарты болып табылады.  
Педагогикалық 
қарым-қатынас 
мәдениетінің 
негізінде 
мұғалім 
тұлғасының жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр.  
Адамның  күнделікті  өмірінде  қарым-қатынастың  сан  алуан  түрлері 
кездеседі.  Психологиялық-педагогикалық  іс-тәжірибеде  мұғалімдер  мен 
оқушылар  арасындағы  қарым-қатынастар  төмендегідей    негізгі  төрт  түрге 
бөлініп қарастырылады (66-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет