260
-
байланысқа бейімділік: ауызша және жазбаша сөйлейтін сөздерді,
стилистикалық және басқа да мазмұнды құралдарды пайдалана білу,
серіктестерге ықпал ете білу және өзара түсіністікке жету;
-
тыңдай білу: ауызша байланыстан шыққан ақпараттарды қабылдау,
меңгеру және пайдалану қабілеттілігі.
Қызметкерлер жөніндегі менеджердің табысты жұмысы үшін қажетті
құзыреттіліктер:
этикаға
сәйкестік;
жайдарлылық;
тыңдай
білу;
байланыстылық; ұжымдық бағдар; адалдық; парасаттылық; нәтижелілік;
қайсарлық; өзіне деген сенушілік; ұйымға деген берілгендік және іскерлік
бағдар (69-сурет).
Осы тізімнен байқалғандай, басшы меңгеретін дәл осы этикалық
нормаларға сарапшылар ең жоғары баға береді. Дегенмен байланысқа
бейімділік, тыңдай білу, ұжымдық бағдар, адалдық, ұжымға берілгендік және
іскерлік бағдар және т.б. басшының адамгершілігін айқын білдіретін қасиеттері
болып табылады.
Басшының этикалық бағдарымен оның саналы немесе түйсікке жүгінетін
басқару стилі де байланысты. Басшылық стиль – менеджердің практикалық
қызмет түрлері, әдістер мен тәсілдерінің тұрақты жүйесі.
Сондай-ақ, оның қол астындағы адамдармен қарым-қатынасында
байқалатын жеке қасиеттер жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: