Авторитарлық (өктемшіл) стиль: басшының жеке басының
үстемдігіне негізделген басшылық, басшы әрбір қарамағындағылардың іс-
әрекетін тек өзі анықтайды, ал қарамағындағылар оны бұлжытпай орындауға
міндетті.
Өктемшіл стильге басшының барлық шешімдерді жеке қабылдауы, сол
сияқты жұмыскерді жеке адам ретінде елемеуі тән. Басшы қол астындағы
адамдарды, кәсіпорынның иерархиялық ұйымынан туындайтын олардың
бұлжытпай бағынуын күтіп, өзінің заңды билігінің күшімен басқарады.
Басшы өзі қол астындағылар алдында негізсіз мақсаттар белгілейді,
тапсырмаларды бөліп береді, олардың орындалуын қатаң бақылайды. Бұл өзін
қол астындағы адамдармен салыстырғанда анағұрлым құзыретті, өзінің
ұйымдастырушылық мақсаттары мен оларға жетудің жолдарын жақсы түсінген
деген сенімге негізделген. Алайда іс жүзінде бұлар мүлде басқаша болады.
Бастықтың шешімі қол астындағылардың бұлжытпай орындауы тиіс болатын
бұйрықтар, директивалар түрінде көрінеді. Бағынбаған жағдайда әртүрлі жаза
қолдануға дейін жүгінеді. Қызметкерлерге сыйақы беру мен жазалау басшының
өз бетімен, бағалаудың қандай да бір нақты, анық жасалған көрсеткіштерінсіз
шешіледі, оған қоса бұл туралы қызметкерлерді алдын-ала құлақтандыру
белгіленбейді. Сонымен бірге, қызметкерлерге ұйым қызметінің басқа да
бағыттары бойынша жалпы жағдай туралы тек аздаған ғана ақпарат беріледі.