277
- ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
- саналы тәртіп;
- еңбектің өнімділігі;
- кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы
әлеуметтік-психологиялық
ахуалдың
бұл
белгілерін
педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.
Әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда ол ұжым
мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл,
ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім
бірлескен қуаныш табады. Ал, немқұрайылық, селқостық немесе қысым,
үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түседі, бұл жағдай оның
қосымша қызмет іздеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға
ауысуына апарып соғады.
XX ғасырдың 60 жылдары соныңда әлеуметтік және педагогикалық
психология ғылымдардың тоғысында «педагогикалық қарым-қатынас» ұғымы
пайда болды.
XX ғасырдың 70 жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың
коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуімен
тәрбиелеуші әсерлерін, В.В.Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын
ерекшеліктерін зерттеді.
XX ғасырдың 80 жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық
қарым-қатынасты педагогика ғылымының жаңа саласы деп көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: