жақтың жақсы қасиеттерін мойындау. Қақтығыс туып келе жатқанда қарсы жаққа басу, өтініш айтуға болады,
ол оның көңілін басқа жаққа аударып, өзінің кейбір жақсы ерекшеліктерін есіне
түсіреді. Психолог Д.Карнеги «Достарды меңгеріп алу және адамдарға қалай
ықпал етуге болады» деген кітабында Америка ағартушысы, мемлекет
қайраткері, ғалым, АҚШ-тың Париждегі өкілі Франклин Бенджаминнің
(1706-1790 ж.ж.) өмірінен қызықты үзінді келтіреді, ол өзінің жауын кітап
сұратқан өтініші арқылы өз жақтасына айналдырып алған екен. Демек, педагог
өзінің жоғары мәдени деңгейін сақтай отырып оқушыға: «Көмек ете қойшы»,
«Айта қойшы», «Қалай ойлайсың? ...» сияқты өтініштер арқылы туып келе
жатқан шиеленісті шешуіне әбден болады.
Қақтығысты шешудегі ең күшті құралдың бірі – әзіл-оспақ. Жақсы әзіл
туындаған жағдайдың қайшылықтарын, қиындықтарын жеңілдетеді, көзге
көрінбейтін, ішкі психологиялық қобалжуларды жояды. Жақсы әзілді
түсінбейтін, ауыр мінезді мұғалімнен көңілді, тапқыр мұғалім өз жұмысын
жеңіл де жақсы атқарады.