К. Д. Бузаубакова


 Білім беру менеджерлерінің көшбасшылығы және көшбасшылық



Pdf көрінісі
бет382/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

3.4 Білім беру менеджерлерінің көшбасшылығы және көшбасшылық 
қасиеті 
 
    «Көшбасшылық» 
түсінігінің 
туындауы 
және 
анықтамасы.Үкіметтің,  көшбасшылықтың  және  менеджменттің  өзара 
байланысы.  Көшбасшылық    мәселесі  педагогикалық    менеджменттің 
маңызды    мәселелерінің    бірі  ретінде.  Белгілі  ғалым  Ю.А.Конаржевский: 
«Менеджмент  –  бұл  басқарушыға  ғана  емес,  кез-келген  маманға  қажет 
білімдердің  жиынтығы.  Егер  сіз  белгілі  бір  салада  –  медицинада,  білім  беру 
жүйесінде,  ғылымда,  бизнесте  кәсіпқой  маман  болсаңыз  құрылымға  біте 
қайнасып,  араласып  кету  үшін  менеджменттің  негізгі  қағидаларын  білмейінше 
оңай  болмайды»  –деп  көрсеткеніндей,  менеджментте  адам  құрал  емес, мақсат. 
Оның құндылығы да осында. 
Көшбасшы  (ағылшынның  LEAD  (лидер)  –  артынан  ерту,  іліктіру)  – 
болашақты  меңзей  алатын,  ұжымды  артынан  ілестіре  алатын,  жеке  басының 
идеясы  бар  жаңашыл  адам.  Қазіргі  кезеңде  мекеме  басшысы  көшбасшылықты 
бірге алып жүргенде ғана ұзақ уақыт мекеме басқара алады.  
Ресейлік  ғалым  О.А.Никитинаның  зерттеуіне  сүйенсек,  уақыт  ағымына 
қарай  көшбасшылықтың  сипаттамалық  мінездемесі  де  өзгеріп  отырады  (27-
кесте). 
Америкалық  профессор  Уильям  Абернети  жапондықтардың  машина 
жасаудағы  табыстарының  себептерін  анықтау  оны  қалай  таң  қалдырғандығын 
айтады.  Ол:  «Мен  үшін  үлкен  жаңалық,  табысқа  жетудің  сыры 


288 
 
автоматтандыруда  емес  екендігін  ашу  болып  табылады.  Олар  автомобиль 
жасауға  «адамдық»  көзқарас  қалыптастырған.  Олардың  ненің  не  екендігін 
білетін, жұмыс істегісі келетін және автомобиль жасауға психологиялық дайын 
жұмыс  күші  бар»  –  дейді.  Ақылды  жапондықтар  автомобильден  адамды, 
автомобиль жасаушыны жоғары қойып отыр. Табыстың сыры осында.  
Менеджментке  тән  белгі  –  оның  өзегі  «адамға»  бағытталғандығы,  оның 
«адам  үстемдігі»  негіз  болып  табылатындығы.  Менеджменттің  табысы 
адамдардың ынтымақтастығында болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет