343
диагностикалық әдістерді меңгеру, өз ізденісі үшін хал-ахуалды таба білу
шеберлігі, ата-аналар белсенділігі және оқушылардың өздерінің арасында
ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.
Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттауы – педагогикалық
қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талап тарына сәйкес келуін
анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсім.
Перцептивті қабілет. Оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті
мұғалім оқушыларда ауық-ауық болатын психологиялық жағдайды (ренжу,
қобалжу және т.б.) бірден байқайды.
Психологиялық дайындық – өз мүмкіндігі жайлы нақты болжам
(объективті өзіндік бағалау), өзіне деген талап қоюшылық, өзін-өзі
сынаушылық, ұйымдасқандық, байқампаздық, батылдылық.
Достарыңызбен бөлісу: