Реттеу–қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы
бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру.
Синергия (ынтымақтастық, ықпал ету, көмек беру, қауымдастық, бірге
жұмыс жасау) – екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін
эффект беретін өзара әрекеттесушілік.
Стратегия (ағылшын тілінен strategy) – таңдап алған критерий негізінде
алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін қажет және ресурстарды тиімді
үлестіру үшін әрекеттің жалпылама моделі.
Стратегиялық басқару кезеңдері – бұл зерттеу процесінің құраушы
элементтері ұйымның жағдайын диагностикалық талдаудан басталатын
стратегияны құру және жүзеге асыру, макрожүйе бойынша стратегиялық
жоспар бөлімдерін құру және ұйымдағы өзгерістерді басқарумен аяқталады.