Ұйымдастыру–қызметтік міндеттерді сауатты бөлу, бағыну мен
жауапкершілік жүйесін қалыптастыру.
Ұйымның макрожүйе бөлігі – басқарудың өзара байланысты бірнеше
функциясын біріктіретін ұйымның ірі құрамдас бөлігі.
Ұйымның өмірлік цикл кезеңдері ұйым дамуының негізгі кезеңдерін
бейнелейді: пайда болуы, өсуі, жетілуі, төмендеуі. Бұл кезеңдердің бөлінуін
білім беру қызметінің (тауар) өмірлік циклінің кезеңдерімен шатыстыруға
болмайды.
Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру моделінің шегінен
шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады.
Шеберлік – бұл өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін әрбір мұғалімге
қолайлы болатын оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары және үнемі жетілдірілетін
өнер. Шұғыл, жедел бақылау –мектепте болған шұғыл бір жағдайға
байланысты жедел тексеру жүргізілуі.