SWOT талдау – Streng – күш, Weakness – әлсіздік, Opportunity –
мүмкіндіктер және Threat – кедергілерді анықтау.
Тәжірибелі маман – педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын, өзіндік
тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім.
Тест ағылшынның «test» сөзінен шыққан (тікелей аудармасы – сынау,
зерттеу). Тест – адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері мен өзге
жеке-дара қабілеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында қолданылатын
стандарттық тапсырма; жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға
арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес
тапсырмалар жиынтығы; қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше
түрлі варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар.