Технологиялық дайындық –педагогикалық шеберлік пен технологияны
еркін меңгеру үшін қажетті болжамдық, жобалаушылық, конструктивті,
коммуникативті және диагностикалық шеберлік пен дағды.
Төртінші деңгейдегі инновация –шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл
көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін
кеңейте түсіп қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады.
Тілектестік – адамның өзінің игі көңілін өзі сезіп және жұртқа сезіндіре
білу қабілеті, өзгені ұната білу және оған құрмет көрсету, басқаның пікірін
сыйлау, қолдау.
Ұйымдастыру – бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі,
ұжымның бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктерімен
қамтамасыз ету.