Сурет-11. Басқарудың жалпы қағидалары Басқару заңдылықтарынан шығатын кағидалар мектеп жұмысын
басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде кызмет етеді.
Менеджменттің атасы, көмір шығару бойынша француздық
компанияның үлкен басшысы Анри Файоль (1847-1925жж.) ұйымды
(кәсіпорын, фирма) біртұтас ағза ретінде қарастырды әрі жұмысты дұрыс
ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сендірді.
Анри Файоль (Henri Fayol) – ұйымдық менеджменттің негізін салушы.
А.Файоль басқаруды айрықша қызмет ретінде бөліп қарастырды. Ол өзі
әмбебап деп санаған басқарудың 14 принципін әзірледі: 1) Инициатива. Инициатива – бұл жоспар құру, оның тиімді жүзеге
асуын қамтамасыз ету. Ол мекемеге күш пен энергия береді.