К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет123/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   195
189 
3. Желілік ресурстарды тұтыну - жалпы жүйенің өнімділігі 
шектерін көрсетеді.
4. Дискілі қосалқы жүйемен жұмыс (енгізу-шығаруды күту 
уақыты). Оқу немесе жазудың көп көлемі процессордың деректерді 
дискіден өңдеуін күтуде тұрып қалуына және шақырту уақытын 
арттыруға әкеледі.
5. Сұратуды 
орындау 
уақыты, 
(мс) 

бағдарламалық 
қамсыздандырудың өнімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Бұл 
уақыт сервер жағында өлшенгені сияқты, сұратуды өңдеу үшін 
серверлік бөлігінде талап етілетін; сол сияқты сұратуды қайта жіберу 
мен өңдеуге жұмсалатын толық уақыт көрсеткіші ретінде клиент 
жағында өлшенуі мүмкін.
Күйзеліс-тестілеу 
Күйзеліс-тестілеу - бағдарламалық қамсыздандыруды тестілеу 
түрлерінің бірі, ол қалыпты жұмыс істеу шектерінің арту 
жағдайларында жүйенің сенімділігі мен беріктілігін бағалайды.
Күйзеліс тестілеу бағдарламалық қамсыздандырудың «нағыз 
маңыздысы» үшін әсіресе қажет болады. Әдетте, күйзеліс тестілеу 
жоғары жүктемедегі жүйенің беріктілігін, қолжетімділігін және 
өңделуін жақсы анықтайды.
Жалпы жағдайда күйзеліс тестілеу әдістемесі бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
жүктемелерде 
өнімділігінің 
көрсеткіштерін 
талдауға негізделген, ол сүйемелдеу сатысында күтетіннен біршама 
артық, және мақсаты қосымшаның қолданылу жөніндегі белсенділікті 
артқан жағдайда беріктілігі немесе шыдамдылығын анықтау болып 
табылады.
Күйзеліс тестілеудің қажеттілігі, ең алдымен, жүйенің істен шығу 
құны тым шұғыл жағдайларда өте жоғары болуы мүмкін фактормен 
беріледі.
Күйзеліс тестілеуді қолданудың негізгі бағыттары: 
■ 
шекті жүктемелерде жүйе әрекетінің жалпы зерттелуі; 
■ 
шекті жүктемелерде айрықша жағдайларды және қателерді өңдеуді 
зерттеу; 
■ 
жүйенің тар орындарын немесе диспропорционал жүктемедегі жеке 
компоненттерді зерттеу; 
■ 
жүйенің сыйымдылығын тестілеу. 
Күйзеліс-тестілеу жүктеме тестілеу сияқты жүйенің ұзақ уақытқа 
әрекет етуіндегі өзгерістер динамикасы алу мақсатында өнімділіктің 


190 
өзгерістер талдау үшін қолданылуы мүмкін.
Күйзеліс тестілеу жеке бағдарламаларға сияқты, клиент-серверлік 
архитектурасы бар таратылған жүйелер үшін қолданылуы мүмкін. 
Күйзеліс тестілеу шарттары әдетте бағдарламалық қамсыздандырудың 
функционалдылығының апатты процестерінен қалыптасады, олар 
тәуекелге талдау мен талаптарды әзірлеу сатыларында айқындалған.
Жалпы жағдайда шарт ретінде күйзеліс тестілеу үшін сызықтық 
ұлғайған күтілетін жүктеме қолданылуы мүмкін. Көп буынды 
таратылған жүйелерді тестілеген жағдайда көптеген элементтерден 
тұратын жүктеменің нақты көлемі ғана емес, сондай-ақ жалпы көлемдегі 
оның пропорциясынан тұратын жүктеме көлемін ескеру керек. Күйзеліс 
тестілерінде диспропорционал жүктемені пайдалану да жүйенің жеке 
компоненттерінің тар орындарын анықтау үшін қолданылуы мүмкін.
Сыйымдылықты 
тестілеу 
– 
күйзеліс-тестілеудің 
маңызды 
бағыттарының бірі және талдау жүргізу жағынан алғанда ең күрделі 
болып табылады. Сыйымдылықты тестілеу өнімділікке қойылатын 
талаптар толық сәйкес болғанда жүйенің беріктілік қорын анықтау 
мақсатымен жүргізіледі. Бұл жағдайда ағымдағы жүктеме жүйеге бір 
уақытта келіп түсетін сұратулардың саны мен пропорциясы сияқты, 
перспективада күтілудегі жүктеме есепке алынады. Сыйымдылықты 
тестілеу нәтижесі максималды мүмкін жүктеме сипаттамаларындағы 
жиыны болып табылады, бұл ретте жүйе сәулетті жобалау сатысында 
әзірленген және жобаланған өнімділікке қойылатын талаптарға жауап 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет