К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу


CASE-құралдардағы қателерді бақылау



Pdf көрінісі
бет150/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   195
CASE-құралдардағы қателерді бақылау. Талаптар мен жобалауды 
қалыптастыру кезеңдерінде қателерді бақылау өте маңызды. Бұл соңғы 
кезеңдерде оларды анықтау және жою анағұрлым қымбат 
болатындығымен байланысты. CASE-технология, әзірлеудің ерте 
кезеңдерінде, жобаның толықтығына және қисындылығына бақылуды 
және автоматты тексеруін қамтамасыз етеді, бұл әзірлеудің жалпы 
алғандағы сәттілігіне әсер етеді. CASE-құралдарда әдетте бақылаудың 
келесі түрлері іске асырылады: 
■ 
диаграммалардың синтаксисін және олардың элементтерінің 
түрлерін бақылау; 
■ 
диаграммалардың толықтығын және қисындылығын бақылау 
(диаграммалардың барлық элементтері сәйкестендірілуі және 
репозиторийларда көрсетілуі тиіс); 
■ 
бір немесе әртүрлі типтегі диаграммаларды деңгейлер бойынша 
олардың қисындылығына өтпелі бақылау - диаграммаларды тігінен 
және көлденең теңгеру. Бір типті диаграмманы тігінен теңгеру 
талдап тексерілетін және таңдап тексеріліп жатқан диаграммалардың 
арасындағы деректер ағындарының сәйкестіктерін айтады. Көлденең 
теңгеру деректер құрамы мен процестер сипаттамасының 
арасындағы сәйкессіздікті анықтайды; 


231 
■ 
функция декомпозициясын бақылау. Бақылаудың аталмыш типінде 
әртүрлі метрикалар негізінде декомпозицияны бағалау жүргізіледі. 
Мысалы, модульдердің байланыстылығы мен тіркесу тарапынан 
декомпозицияның тиімділігі мен дұрыстығы бағалануы мүмкін. 
CASE-құралдардағы репозиторийді қолдау. Репозиторий жоба 
нұсқаларын және оның жекелеме компоненттерін сақтауды, топтық 
әзірлеуде 
әртүрлі 
әзірленушіден 
түскен 
ақпаратты 
синхронизациялануды, метадеректерді толықтығына және қарама-
қайшы еместігіне бақылауды қамтамасыз етеді. Репозиторийді құрамы 
тек қана әртүрлі ақпараттық нысандардың түрлерін ғана емес, сонымен 
бірге осы компоненттерді пайдалану немесе өңдеу ережелерін де 
қамтиды.
Репозиторий диаграммаларды, экрандар мен мәзір анықтамаларын, 
есептер жобаларын, деректердің сипаттарын, алғашқы кодтарды және 
т.б. сақтай алады. Репозиторийдегі әрбір ақпараттық нысан оның 
қасиеттерін (сәйкестендіргіш, синоним, тип, мәтіндік сипаттау, 
компоненттер, мәндер аясы және т.с.с.) атап өтумен сипатталады. Бұдан 
басқа, онда нысанды қалыптастыру және редакциялау ережелері, 
сондай-ақ нысанды құру уақыты, оның соңғы жаңару уақыты туралы 
бақылау ақпараты, нұсқа нөмірлері, жаңарту мүмкіндіктері және т.с.с. 
сақталады. 
Репозиторий жоба бойынша құжаттаманы стандарттау және 
жобалық сипаттамаларды бақылауға арналған негіз болып табылады. 
Барлық есептер репозиторий құрамы бойынша автоматты түрде 
жасалынады. CASE-технологияның күмәнсіз құндылығы, құжаттама 
ісінің ағымдағы жай-күйін көрсетуінде, себебі жобадағы кез келген 
өзгерістер автоматты түрде репозиторийде көрсетіледі.
Репозиторий арқылы қауіпсіздік бақылауы (рұқсатты, рұқсат 
артықшылықтарын шектеу), нұсқа бақылауы, өзгерістер бақылауы және 
басқалар жүзеге асырыла алады.
Репозиторий 
жоба 
бойынша 
құжаттамалардың 
автоматты 
генерациясына арналған негіз болып табылады. Есептердің негізгі 
типтері болып табылатындар: 
■ 
құрамы бойынша есептер - деректер ағыны мен олардың 
компоненттері бойынша ақпаратты қамтиды; диаграммалардың 
функционалдық блоктарының және олардың кіріс және шығыс 
ағындарының тізімі; барлық ақпараттық нысандар мен олардың 
атрибуттарының тізімі; нысандарды өзгерту тарихын; олардың 
арасындағы 
модульдер 
мен 
интерфейстердің 
сипаттары; 
модельдерді тестілеу жоспарлары және т.с.с.; 
■ 
тоғыспалы сілтемелер бойынша есептер - барлық шақыратын және 


232 
шақыртылатын модульдердің байланыстары бойынша ақпаратты 
қамтиды; жобаның нақты орындаушысының рұқсаты бар, 
репозиторий нысандарының тізімі; диаграммалар мен нақты 
деректер арасындағы байланыс бойынша ақпаратты; деректердің 
кірістен шығысқа қозғалу бағдары; 
■ 
талдау нәтижелері жөніндегі есептер - диаграммалардың, белгісіз 
ақпараттық нысандар тізімі, толық емес диаграммалар тізімі, жоба 
құрылымын талдау нәтижелері бойынша деректердің және т.с.с. 
өзара дұрыстығы бойынша деректерді қамтиды; 
нысандарды декомпозициялау жөніндегі есептер - әрбір нысанның 
құрамына кіретін нысандардың жиынтығын, сондай-ақ құрамына 
әрбір нысан кіретін нысандарды қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет