К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет166/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   195
Негізгі жалпытехникалық стандарттар орнатылады: 
■ 
стандарттаудың әртүрлі нысандарына арналған шартты белгілер 
(атаулары, кодтары, белгілері, символдары және т.б.), олардың 


258 
сандық, әріптік-цифрлі белгіленулері, соның ішінде физикалық 
шамалардың параметрлерінің белгіленуі (орыс, латын, грек 
әріптерімен), олардың өлшемділігі, алмастырушы жазбалары, 
символдары және т.с.с.; 
■ 
құжаттамалардың әртүрлі түрлерінің (нормативті, конструкторлық
жобалық, 
технологиялық, 
бағдарламалық 
және 
басқалар) 
құрылымына, баяндалуына, рәсімделуіне және мазмұнына 
қойылатын талаптар; 
■ 
жалпы техникалық шамалар, өндірістік процесстерді техникалық, 
соның ішінде метрологиялық қамсыздандыруға қажетті талаптар 
мен нормалар. 
Стандарт 
бөлімдерінің 
құрамы, 
мазмұны 
және 
атауын 
стандартталатын өнімнің ерекшеліктеріне және оған қойылатын 
талаптардың сипатына қарай анықталады. 
Жұмыс/процесске қойылатын стандарттар өнімнің техникалық 
бірлігін және оңтайлылығын қамтамасыз ететін, оларды әзірлеу, 
дайындау, сақтау, асымалдау, пайдалану, жөндеу және кәдеге жарату 
технологиялық процестердегі әртүрлі түрдегі жұмыстарды орындау 
әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) 
қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. 
Заманауи кезеңде өнімнің (қызметтің) сапасын қамтамасыз ету 
жүйесінің шеңберіндегі басқару процестерінің стандарттары үлкен 
маңыздылыққа ие. 
Бақылау әдісінің стандарттары (сынау, өлшеу, талдау) өнімді құру, 
сертификаттау және пайдалану кезінде, өнімге сынақ, өлшеу, талдау 
жүргізу әдістерін (тәсілдерін, амалдарын) белгілейді. Осындай 
стандарттар 
өнімнің/қызметтің 
сапасына 
қойылатын 
міндетті 
талаптарды 
бағалау 
нәтижелерінің 
әділдігін, 
дәлдігін 
және 
жаңғыртылуын жоғары дәрежеде қамтамасыз етулері тиіс. Осы 
шарттарды орындау стандарттағы өлшеу қателіктері туралы 
мәліметтердің болуына байланысты болады. 
Бақылау әдістерінің, тәсілдерінің және амалдарының көп түрлілігіне 
қарамастан, стандарттауға жататын жалпы ережелерді бөліп көрсетуге 
болады: 
■ 
бақылау құралдары және көмекші құрылғылар; 
■ 
бақылауды даярлау және өткізу тәртібі; 
■ 
бақылау нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу ережелері; сынақтың 
рұқсат етілген қателігі. 
Нәтижелер дұрыс әрі салыстыруға келетіндей, стандарттарда 
өткізілетін операциялардың және алынған нәтижелерді өңдеудің 


259 
реттілігін анықтайтын ережелерге қатысты ұсыныстар беріледі. 
Стандарттау саласындағы ең ірі және танымал ұйымдардың бірі - 
ИСO, Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымы (ISO, International 
Standards Organization). ИСО тауарлар мен қызметтермен алмасуды 
жеңілдету үшін, сондай-ақ интеллектуалдық, ғылыми, техникалық және 
экономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін 
бүкіл әлемдегі стандарттауды дамытуда көмек көрсетіп келеді. Кеңес 
Одағы осы ұйымды құруда белсенді ат салысқан. Ағылшын, орыс, 
француз тілдері ИСО ресми тілдері болып табылады. ИСО стандарттары 
құрағыш өнімдердің өзара алмасушылығын, өнім сапасын сынау және 
бағалаудың бірыңғай әдістерін қоса алғанда, өнімге қойылатын 
талаптардың бірыңғайлығын қамтамасыз етуге көмектеседі. 
Электртехника, электроника, радиобайланыс және аспап жасау 
саласындағы халықаралық стандарттаумен Электроника жөніндегі 
Халықаралық комиссия, ХЭК (IEC, International Electrotechnical 
Commission) айналысады. Бүгінгі күнде ХЭК ИСО құрамындағы дербес 
ұйым болғандығына қарамастан, ХЭК қызмет саласы ИСО қызмет 
көрсету саласы болып табылмайды. ХЭК қызметінің мақсаты –
халықаралық 
стандарттарды 
әзірлеу 
жолымен 
халықаралық 
ынтымақтастыққа көмек көрсету және электртехникалық өнеркәсіп, 
ядролық аспап жасау, лазерлік техника, байланыс құралдары, 
авиациялық және ғарыш аспабын жасау, кеме құрылысы және теңіз 
навигациясы, атом энергетикасы, информатика, акустика, медициналық 
техника саласында әзірленетін халықаралық стандарттардың негізінде 
сертификатауды жүргізу. 
Соңғы уақытта, халықаралық стандарттау процесінің ең өнімді 
құрауышы болған, консорциум деңгейіндегі стандарттау ерекше 
қарқынмен дамып келеді. Осы стандарт әзірлеушілер тобының ең 
танымал өкілдеріне келесілер мысал болып табылады: 
■ 
IEEE (Institute of Electrical and Electronic Engineers - Электртехника 
және электроника Инженерлер институты) - кәсіби халықаралық 
ұйым - ақпараттық технологиялар саласындағы бірқатар маңызды 
халықаралық стандарттарды әзірлеуші; 
■ 
OMG (Object Management Group - Нысандарды басқару тобы) - 
біркелкіленген 
үлестірілген 
нысанды 
бағдарламалық 
қамсыздандыру құруға арналған стандарттарды әзірлеуді жүзеге 
асыратын халықаралық консорциум; 
■ 
W3C (World Wide Web Consortium) - WWW- технология (HTTP, 
HTML, URL, XML) стандарттарын және көптеген басқаларды 
әзірлеуге және дамытуға маманандырылған консорциум. 


260 
Стандарттар ақпараттық тезнология әзірлеушілеріне басқа 
әзірлеушілердің 
деректерін, 
бағдарламалық, 
коммуникациялық 
құралдарын пайдалану мүмкіншілігін, деректердің экспорт/импортын 
жүзеге 
асыруды, 
ақпараттық 
технологиялардың 
әртүрлі 
компоненттерінің біріктірілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет