264
Аталмыш стандартта бағдарламалық компонентке және бағдарламалар
кешеніне анықтама беріледі.
Компонент
- өз бетінше немесе кешеннің құрамында қолданылатын
және
аяқталған
қызметті
орындайтын,
тұтастай
түрінде
қарастырылатын бағдарлама.
Кешен
- екі немесе одан көп компоненттерден және (немесе)
кешеннен тұратын, өзара байланысқан қызметтер атқаратын және жеке
түрде немесе басқа кешеннің құрамында қолданылатын бағдарлама.
Бағдарламалық өнімге құжаттамалар түрлері 13.3-кестеде берілген.
Пайдалану құжаттар мен оларға қойылатын талаптардың түрлері
13.4-кестеде келтірілген.
13.3-кесте. Бағдарламалық құжаттардың түрлері
Сипаттамасы
Бағдарламаның құрамы және оған арналған құжаттамалар
Түпнұсқа ұстаушыларының
ведомосы
Бағдарламалық құжаттардың түпнұсқаларын сақтайтын
кәсіпорындар тізімі
Бағдарлама мәтіні
Қажетті пікірлерімен бағдарламаны жазу
Бағдарламаны сипаттау
Бағдарламаның логикалық құрылымы және қызметі
туралы мәліметтер
Бағдарлама
және
сынақ
әдістемесі
Бағдарламаны сынау кезінде тексеруге жататын
талаптар, сондай-ақ оларды бақылаудың тәртібі мен
әдістері
Техникалық тапсырма
Бағдарламаның тағайындалуы және қолдану аясы,
бағдарламаға қойылатын техникалық, техникалық-
экономикалық және арнайы талаптар, әзірлеудің
қажетті кезеңдері мен мерзімдері, сынақ түрлері
Түсіндірме жазба
Алгоритм сызбасы, алгоритмнің және (немесе)
бағдарлама қызметінің жалпы сипаты, сондай-ақ
қабылданған
техникалық
және
техникалық-
экономикалық шешімдерді негіздемесі
Пайдаланатын құжаттар
Бағдарламаның қызмет етуін және пайдаланылуын
қамтамасыз етуге арналған мәліметтер
265
БҚБЖ басты жетіспеушіліктерінің қатарына келесілерді
жатқызуға болады:
■
бағдарламалық қамсыздандырудың жалғыз «каскадты» өмірлік
циклына бағытталу;
■
бағдарламалық қамсыздандырудың сапасының сипаттамасын
құжаттау бойынша нақты ұсыныстардың жоқтығы;
■
өмірлік цикл және тұтастай алғанда өнімді құжаттау бойынша басқа
қолданыстағы
отандық
стандартар
жүйесімен
желілік
үйлесімділіктің жоқтығы, мысалы, БҚБЖ;
■
бағдарламалық қамсыздандыруға тауарлық өнім ретінде құжаттауға
нақты айқындалмаған тәсілі;
■
халықаралық және аймақтық стандарттардың ұсыныстарымен
келісілген, бағдарламалық қамсыздандыруға перспективалық
құжаттардың құрамы, мазмұны және рәсімделуі бойынша
ұсыныстардың жоқтығы.
13.4-кесте. Пайдалану құжаттардың түрлері
Пайдалану құжаттар ведомосы
Бағдарламалық өнімге пайдаланушылық құжаттар тізімі
Формуляр
Бағдарламаның негізіг сипаттамалары, жиынтықтылығы
және бағдарламаны пайдалдану жөніндегі мәліметтер
Қолдануының сипаты
Бағдарламаны тағыйындауы, қолдану саласы,
қолданылатын әдәстер, шешілетін тапсырмалар класы,
қолдануға арналған шектеулер, техникалық құралдардың
минималды конфигурациясы туралы мәліметтер
Желілік бағдарламашының
нұсқаулығы
Нақты пайдалану шарттарында бағдарламаны тексеру,
қызмет етуін қамтасыз ету және икемдеуге арналған
мәліметтер
Бағдарламашының нұсқаулығы
Бағдарламаны пайдалануға арналған мәліметтер
Оператордың нұсқаулығы
Бағдарламаны орындау барысында оператордың есептеу
жүйесімен қарым-қатынасқа түсу рәсімін қамтамасыз
етуге арналған мәліметтер
Тілді сипаттау
Тілдік синтаксисін және семантикасын сипаттау
Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі нұсқаулық
Техникалық құралдарға қызмеет көрсету барысында
тестілік және диагностикалық бағдарламаларды
қолдануға арналған мәліметтер
266
БҚБЖ РФ аумағында қолдану тек ұсыныс жасау сипатында, яғни
БҚБЖ ерікті негізде қолданылады, егерде өзге шартпен, келісім-
шартпен, жеке заңдармен, сот шешімімен және т.с.с. қарастырылмаған
жағдайда.
Орыс тіліне аударылған және Ресейде ұлттық құқықта қабылданған
кейбір желілік және бағдарламалық инженерия саласындағы ИСО/ХЭК
стандарттары БҚБЖ заманауи баламасы болып табылады. Бұдан әрі осы
стандарттардың кейбіреуінің тағайындалуы келітірлген.
Р
МемСТ ИСО/ХЭК
9294- 93.
Ақпараттық
технология.
Бағдарламалық қамсыздандыруды құжаттауды басқару бойынша
нұсқаулық. Стандарт толығымен ИСО/ХЭК 9294 халықаралық
стандартына сәйкес келеді және олардың құрылуына жауап беретін,
басшыларға арналған бағдарламалық қамсыздандыруды құжаттауды
тиімді басқару бойынша ұсыныстарды белгілейді. Стандарттың мақсаты
келесілерге көмек көрсету болып табылады:
■
бағдарламалық
қамсыздандыруды
құжаттау
стратегиясын
анықтауды;
■
құжаттау бойынша стандарттарды таңдауда;
■
құжаттау рәсімдерін таңдауда; қажетті ресурстарды анықтауда;
■
құжаттау жоспарларын құруда.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 9126- 93. Ақпараттық технологиялар.
Бағдарламалық өнімді бағалау. Сапа сипаттамалары және оларды
пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Стандарт толығымен ИСО/ХЭК 9126-
93 халықаралық стандартына сәйкес келеді. Оның мәнмәтінінде сапа
сипатамасы түсінігінде, «оның сапасы сипатталатын және бағаланатан,
бағдарламалық
өнімнің
«қасиеттер
(атрибуттар)
жиынтығы»
түсіндіріледі.
Р МемСТ ИСО 9127- 94. Ақпаратты өңдеу жүйелері. Пайдаланушы
құжаттары және тұтынушылар бағдарламалық топтамаларға
арналған қаптамадағы ақпарат. Стандарт толығымен ИСО 9127:1989
халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Осы стандарттың мәнмәтінінде
тұтынушылар
бағдарламалық
топтамасы
(БТ)
«белгілі
бір
функцияларды орындауға жобаланған және сатылатын бағдарламалық
өнім; бағдарлама және оған сәйкес біртұтас күйінде сатуға арнап
қапталған құжаттама» ретінде түсіндіріледі. Пайдаланушы құжаттамасы
ретінде соңғы пайдаланушыны БТ орнату және пайдалану бойынша
ақпаратпен қамтамасыз ететін құжаттама түсіндіріледі. Қаптамадағы
ақпарат ретінде БТ сыртқы қаптамасында берілген ақпарат түсіндіріледі.
Оның мақсаты әлеуетті сатып алушыларға БТ туралы бастапқы
мәліметтер беру болып табылады.
Р
МемСТ ИСО/ХЭК
8631- 94.
Ақпараттық
технология.
Бағдарламалық конструктивтер және оларды таныстыруға арналған
267
шартты белгілер. Рәсімдік алгоритмдерді таныстыруды сипаттайды.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12119- 2000. Ақпараттық технология.
Бағдарламалық құралдар топтамасы. Сапаға қойылатын талаптар
және сынақтар. Бұл стандартта бағдарламалар топтамасына қойылатын
талаптар және оларды берілген талаптарға сәйкестігіне сынақ жөніндегі
нұсқаулар белгіленген. «Бағдарламалық құралдар топтамасы» түсінігі,
бірнеше пайдаланушыға жалпы пайдалануы немесе қызмет істеуі үшін
жеткізілетін бағдарламалар, рәсімдер және ережелердің жиынтығы
ретінде қарастырылатын, нақты «бағдарламалық өнім» жалпы
түсінігімен теңдестіріледі. Әрбір бағдарламалық топтамасының өнім
сипаттамасы және пайдаланушылар құжаттары болуы тиіс.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 9127- 94. Пайдаланушының құжаттары және
тұтынушылар бағдарламалық топтамасына арналған қаптамадағы
ақпарат. Стандарт пайдаланушының құжаттарын және тұтынушылар
бағдарламалық топтамасы жасақталуы тиіс, қаптамадағы ақпаратты
сипаттайды.
Пайдаланушының
құжаттары
пайдаланушыларды
бағдарламалық құралдарды орнатуға және өткізуге қажетті ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Әдетте, бұл құжаттарды, қаптаманың ішіне
бағдарламалық құралдармен бірге салатын бір немесе бірнеше
нұсқаулық ретінде ұсынады. Нәтижесінде пайдаланушылар топтаманы
сатып алмағанша, нұсқаулықты қолдана алмайды.
Пайдаланушы
құжаттарының
тағайындалымы
соңғы
пайдаланушыны бағдарламалық құралдың мақсатын, қызметін және
сипаттамасын, бағдарламалық құралды қалай іске қосу және пайдалану
керектігін анық түсіну үшін жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету
болып табылады. Оқу құжаттарының тағайындалымы ретінде жаңа және
тәжірибесіз пайдаланушылар үшін топтаманы біртіндеп жұмысқа енгізу
мүмкіндігін беру борлып табылады. Топтаманың сыртындағы
қаптамасындағы ақпараттың мақсаты әлеуетті сатып алушыларға
аталмыш бағдарламалық құралды олардың қажеттіліктеріне сәйкес
қолданулығы туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |