К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет163/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   195
253 
12-тарау 
СТАНДАРТТАУ 
ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ 
МӘЛІМЕТТЕР 
 
 
 
СТАНДАРТТАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ 
МЕН МІНДЕТТЕРІ. 
СТАНДАРТТАУДЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ 
 
Бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
сапасына 
қойылатын 
талаптардың 
үздіксіз 
өсуі 
халықаралық 
стандарттар 
мен 
регламенттелген технологияларды құруды және белсенді пайдалануды 
ынталандырады. Бүгінгі уақытта бағдарламалық құралдар әзірленімін 
стандарттау олардың өмірлік циклының барлық кезеңдерін қамтиды.
Стандарттау қоғамдағы әлеуметтік, өндірістік және экономикалық 
қатынастарды ұйымдастырудың тиімді құралдарының бірі болып 
табылады.
2002 ж. 27 желтоқсанындағы № 184-ФЗ «Техникалық реттеу туралы» 
Федералды заңында (22.12.2014 ж. бастап өзгерістер мен 
толықтыруларымен күшіне енеді) стандарт және стандарттаудың келесі 
анықтамалары беріледі. 
Стандарт - ерікті түрде және көп мәрте пайдалану мақсатында, 
өнімнің сипаттамалары, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату 
және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетудің 
процестерін жүзеге асыру ережелері және сипаттамалары белгіленетін 
құжат. Стандартта сондай-ақ, символикаға, орамға, таңбалауға немесе 
зат белгілерге және оларды басу ережелеріне қойылатын талаптар да 
қамтылуы мүмкін. 
Стандарттау - көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер 
және сипаттамалар белгiлеу арқылы өнім өндіру және айналымға 
шығару саласындағы және өнiмнің, жұмыстың немесе көрсетiлетiн 
қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ретке келтiрудiң оңтайлы 
деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет. 


254 
Стандарттау бойынша халықаралық ұйымы (ИСО) және 
Халықаралық электртехникалық комиссия (ХЭК) стандарттауға 
келесідей анықтама береді.
Стандарттау - шынайы бар немесе әлеуетті міндеттерге қатысты 
жалпыға ортақ және көп мәртелі пайдалануға арналған ережелерді 
белгілеу арқылы белгілі бір салада ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне 
қол жеткізуге бағытталған. 
Стандарттау келесілерді қамтамасыз ету мақсатында нормалар, 
ережелер және сипаттамалар белгілеуді білдіреді: 
■ 
өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің қоршаған орта, өмірге, 
денсаулыққа және мүлік үшін қауіпсіздігі; 
■ 
техникалық және ақпараттық үйлесімділік, сондай-ақ өнімдердің 
өзара алмастырушылығы; 
■ 
ғылым, техника және технологияның даму деңгейіне сәйкес өнімнің, 
жұмыстың және қызметтің сапасы; 
■ 
өлшемдер тұтастығы; 
■ 
барлық ресурс түрлерінің үнемдеуі; 
■ 
табиғи және техногенді апаттар және басқа төтенше жағдайлардың 
пайда болу тәуекелін ескере отырып, шаруашылық нысандардың 
қауіпсіздігі; 
■ 
елдің қорғаныс қабілеті және жинақылауға әзірлігі. 
Стандарттау, техникалық ғылым ретінде бастапқы ережелерге - 
стандарттау қағидадаларына негізденеді: 
■ 
барлық мүдделі тараптардың келісімінің негізінде стандарттау 
бойынша құжаттарды әзірлеу; 
■ 
әлеуметтік, 
техникалық 
және 
экономикалық 
қажеттілік 
көзқарасынан стандартты әзірлеудің мақсаттылығы; 
■ 
әзірлеудегі артықшылық - бұл, адамдардың өмірінің, денсаулығының 
және мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз 
етілуіне септігін тигізетін, өнімдердің үйлесімділігін және өзара 
алмастырушылығын қамтамасыз ететін стандарттар; 
■ 
өзара байланысқан нысандарды стандарттаудың кешенділігі; 
■ 
талаптар белгілеу және олардың нысан түрде тексерілуі мүмкін, 
стандарттау нысандарының негізгі қасиеттеріне бір мәнділігі; 
■ 
стандарттарды ерікті қолдану; 
■ 
стандарттарды әзірлеу кезіндегі мүдделі тұлғалардың мүдделерін 
барынша есепке алу; 
■ 
стандарттарды бірдей қолдануға арналған шарттарды қамтамасыз 
ету; 
■ 
халықаралық стандарттарды ұлттық стандарттарды әзірлеуге 


255 
арналған негіз ретінде пайдалану; 
■ 
қауіпсіз өнімді өндіру және айналымға шығаруға, халықаралық 
саудаға кедергілер жасауға жол берілмеушілік; 
■ 
техникалық регламенттеуге қайшы келетін стандарттарды белгілеуге 
жол берілмеушілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет