К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет18/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   195
22
 
БҚ біліктілікке тестілеу тапсырыс берушінің қатысуымен 
(мүмкіндігінше) әзірлеушілердің бағдарламалық қамсыздандырудың өз 
сипаттамасын 
қанағаттандыратындығын 
және 
пайдалану 
жағдайларында қолдануға дайын екендігін көрсету үшін жүргізіледі. 
Біліктілікке тестілеу тестілерді кең ауқымда түрлендіру кезінде 
талаптарлың 
барлық 
талаптары 
бойынша 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың әрбір компоненті үшін орындалады. Бұл ретте 
сондай-ақ, техникалық және пайдалану құжаттамасының толықтығы 
және бағдарламалық қамсыздандырудың компоненттерінің өздерінің 
барабарлығы тексеріледі. 
Жүйені біріктіру бағдарламалық қамсыздандыру мен жабдықтарды 
қоса алғанда, оның барлық компоненттерін жинаумен болады. 
Біріктіруден кейін жүйе өз кезегінде оған қойылатын талаптардың 
жиынтығына сәйкестікке біліктілік тестінен өтеді. Бұл ретте де жүйеге 
арналған толық құжаттама кешені рәсімделеді және тексеріледі.
БҚ орнатуды әзірлеуші шартта көзделген ортада және жабдықтарда 
жоспарға сәйкес жүзеге асырады. Орнату процесінде бағдарламалық 
қамсыздандыру мен деректер қорының жұмысқа қабілеттілігі 
тексеріледі. Егер орнатылатын бағдарламалық қамсыздандыру 
қолданыстағы жүйені ауыстыратын болса, әзірлеуші шартқа сәйкес 
олардың параллель қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс.
БҚ қабылдап алу бағдарламалық қамсыздандыру мен жүйені 
біліктілікке тексеру нәтижелерін бағалау мен әзірлеушінің көмегімен 
тапсырыс беруші жүргізетін бағалау нәтижелерін құжаттауды көздейді. 
Әзірлеуші тапсырыс берушіне БҚ қорытынды тапсыруын қажетті оқыту 
мен сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, орындайды.
Пайдалану процесі бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланушы 
мүддесінде жұмыс істеу процесінде қызмет көрсетілуін қамтамасыз 
ететін қызметкерлердің әрекеттерін анықтайды. Негізгі пайдалану 
жұмыстары тікелей пайдалануды, проблемалардың орнын анықтау және 
олардың 
пайда 
болу 
себептерін 
жоюды, 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың түрін өзгертуді, жүйені жетілдіру жөніндегі 
ұсыныстарды даярлауды, жүйені дамыту мен жаңғыртуды қамтиды. 
Пайдалану процесіне деректер қорын және пайдаланушылардың жұмыс 
орындарын 
конфигурациялау, 
пайдаланушыларды 
пайдалану 
құжаттамасымен қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқыту да кіреді.
Пайдалану процесі бірқатар әрекеттерді қамтиды: 
1) даярлық жұмыстары; 
2) пайдалану тестілеуі; 
3) жүйені пайдалану; 
4) пайдаланушыларды қолдау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет