К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет16/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   195
20
 
10) жүйені бірыңғайландыру; 
11) жүйені білікті тестілеу; 
12) БҚ орнату; 
13) БҚ қабылдау. 
Даярлық жұмысы жобаның масштабы, мәні мен күрделілігіне сәйкес 
келетін БҚ ӨЦ моделін таңдап алудан басталады. Процестің әрекеттері 
мен міндеттері таңдап алынған әдіске сәйкес келуі тиіс. Әзірлеуші 
жобаны таңдап алып, жағдайларға бейімдеуі және тапсырыс берушімен 
келісілген стандарттарға, әзірлеу әдістері мен құралдарына сәйкес 
қолдануы, сондай-ақ жұмыстарды орындау жоспарын құруы тиіс.
Жүйеге қойылатын талаптарды талдау оның функционалдық 
мүмкіндіктерін, пайдаланушы талаптарын, қауіпсіздік пен сенімділік 
талаптарын, сыртқы интерфейстерге талаптарын және т.б. анықтау 
дегенді білдіреді. Жүйеге қойылатын талаптар іске асырылу белгілері 
мен тестіден өткізу кезіндегі тексеру мүмкіндіктеріне сүйене отырып, 
бағаланады.
Жүйе сәулетін жобалау жоғары деңгейде оның жабдықтарының, 
бағдарламалық 
қамсыздандыру 
мен 
жүйені 
пайдаланатын 
қызметкерлердің орындайтын операцияларының құрамдас бөлшектерін 
анықтауда болады. Жүйенің сәулеті жүйеге қойылатын талаптарға
сондай-ақ қабылданған жобалық стандарттар мен әдістерге сәйкес келуі 
тиіс.
БҚ 
қойылатын 
талаптарға 
талдау 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың әрбір құрамдас бөлігі үшін келесі сипаттамаларды 
анықтауды болжайды: 
■ 
функционалдық мүмкіндіктер, құрамдас бөлшектің өнімділігі мен 
жұмыс істеу ортасының сипаттамалары; 
■ 
сыртқы интерфейстер; 
■ 
сенімділік және қауіпсіздік сипаттама
■ 
эргономикалық талаптар; 
■ 
қолданылатын деректерге қойылатын талаптар; 
■ 
орнату және қабылдап алуға қойылатын талаптар; 
■ 
пайдаланушы құжаттамасына қойылатын талаптар; 
■ 
пайдалану және сүйемелдеуге қойылатын талаптар. 
Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар жүйеге 
қойылатын талаптардың сәйкестілік критерийі, тестілеу кезінде 
тексерілу мүмкіндігі мен сатылу критерийлеріне сүйене отырып 
бағаланады.
Бағдарламалық қамсыздандырудың сәулетін жобалау келесі 
міндеттерді қамтиды (бағдарламалық қамсыздандырудың әрбір 
құрамдас бөлігі үшін): 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет