К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет26/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   195
Байланысты:
foreign 745

Инфрақұрылымды құру процесі бағдарламалық қамсыздандыруды 
әзірлеу, 
пайдалану 
немесе 
сүйемелдеу 
үшін 
қолданылатын 


30
 
технологияларды, стандарттарды және аспаптық құралдарды таңдау мен 
сүйемелдеуді (қолдауды), аппараттық және бағдарламалық құралдарды 
таңдау мен орнатуды қамтиды. Инфрақұрылымы тиісті процестерге 
қойылатын талаптардың өзгеруіне сәйкес түрі өзгертіліп, сүйемелденуі 
керек. Инфрақұрылым, өз кезегінде, конфигурацияны басқару 
нысандарының бірі болып табылады.
Жетілдіру процесі БҚ өмірлік циклы процестерін бағалауды, 
өлшеуді, бақылауды және жетілдіруді көздейді. БҚ өмірлік циклының 
процестерін жетілдіру бұған қатысатын барлық қатысушылардың еңбек 
өнімділігін қолданылатын технологияларды, басқару әдістерін, 
аспаптық құралдарды таңдау мен қызметкерлерді оқытуды жетілдіру 
есебінен арттыруға бағытталған. Жетілдіру әрбір процестің 
артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасауға негізделген. 
Мұндай талдауға көбінесе ұйымда іске асырылған жобалар бойынша 
тарихи, техникалық, экономикалық және өзге ақпараттың жиналуы 
ықпал етеді.
Оқыту процесі қызметкерлерді алғашқы оқыту мен олардың 
біліктілігін үнемі арттыруды қамтиды. БҚ сатып алу, жеткізу, әзірлеу, 
пайдалану және сүйемелдеу көбінесе қызметкерлердің білім деңгейі мен 
біліктілігіне байланысты болады. Оқыту процесінің мазмұны жобаға 
қойылатын талаптарымен айқындалады. Ол оқытудың қажетті 
ресурстары мен техникалық құралдарын ескеруі тиіс. Оқу жоспарына 
сәйкес пайдаланушыларды оқытуға қажетті әдістемелік материалдар 
әзірленіп, ұсынылуы тиіс.
Оқыту процесі даярлық жұмысын, оқу материалдарын әзірлеу мен 
оқу жоспарын іске асыруды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет