К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет58/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   195
70
 
 
ПРОТОТИПТІ САЛУ 
Прототипті салу (прототиптеу) кейбір әзірлеушілердің пікірі 
бойынша бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеудің ең маңызды 
сатыларының бірі болып табылады. 
Алдымен прототиптер не үшін қолданылатындығын анықтап 
алайық.
Біріншіден, пайдаланушыға жүйеден не күтетіндігін, оған 
қойылатын талаптарын қалыптастыру қиын болады. Бұл жағдайда 
пайдаланушы интерфейсінің прототипі (User Interface, UI), әңгімелесу 
нәтижелері бойынша шұғыл құрылған, ол әзірлеушінің жүйенің тиісті 
бөлігін қалай көріп, жүйелі түрде қалай іске асыратындығын көруге 
мүмкіндік береді. Прототиптерді қолданған кезде кез келген нәтиже 
маңызды. Егер бағларламалаушы тапсырыс берушінің талаптарын 
дұрыс түсінген болса, онда әрине, бағдарламалық жүйені әзірлеу дұрыс 
бағытта жылжитын болады. Егер пайдаланушы өзіне ұсынылған жүйені 
іске 
асыру 
нұсқаларына 
көңілі 
толмаған 
болса, 
пайдасы 
бағдарламалаушы түсінбеген міндеттерді көрсетуінде болады.
Екіншіден, 
прототиптеу 
альтернативті 
тұжырымдамалық 
шешімдердің бірін таңдауға мүмкіндік береді. Кез келген техникалық 
міндетті әртүрлі тәсілдермен шешуге болады. Бұл бағдарламалық 
жүйеге қойылатын талаптарды қалыптастыру міндеті сияқты, оның 
пайдаланушы интерфейсін іске асыруға да қатысты.
Үшіншіден, функионалды және функционалды емес талаптардың 
үйлесімі оларды іске асыру мүмкіндігі қауіп туғызатындай болады. 
Негізінде, мұндай тәуекел оны іске асыру ортасына белгілі шектеулер 
болғанда жылдам әрекет етуге қойылатын талаптармен байланысты. Бұл 
жағдайда жүйенің тиісті бөлігін іске асыратын, деректердің ағынын 
имитациялайтын, оның кірісіне келіп түсетін және осы деректердің 
өңделуін 
көрсететін 
прототиптер 
құрылады 
(пайдаланушы 
интерфейсімен міндетті түрде байланысты емес). 
Прототиптеу - бұл жалпы жүйенің жұмысына талдау үшін негізгі 
функционалдылықты жылдам «алғашқы» іске асырылуын айтуға 
болады. 
Прототиптеу сатысында құрылатын бағдарламалық жүйе ұтымды 
жұмыс істемеуі мүмкін, қателермен және толық болмауы мүмкін. Бұдан 
басқа, прототиптеу әзірленетін жүйе сияқты сол технологиялармен 
(мысалы, бағдарламалау тілі) жүзеге асырылуы міндетті емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет