К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет60/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195
72
 
болмауы үшін шаралар қолдану қажет.
Эволюциялық прототип жүйенің өзінің салдарында алғаш 
жақындаған жүйе ретінде құрылады. Эволюциялық прототиптің 
бағдарламалық коды жүйелі түрде тұтас қосымшалардың кодына өсуі 
керек. Сол себепті бұл прототиптердің түрі бір реттік прототиптерді 
құру кезінде бас тартуды қажет етеді: мұқият әзірлеу, технологиялық 
әдістер мен тәсілдерді қолдану, нәтижелерді тестілеу және т.с.с.
Прототипті құру кезеңі ұзақ болмауы керек. Ұтымды прототиптер 
идеяны мүдделі тұлғаға дейін жеткізуге арналған. Идея жеткізілгеннен 
кейін прототип қабыл алмауы мүмкін. 
Прототипті құру процесі келесі қадамдардан тұрады: 
1) бастапқы талаптарды анықтау; 
2) жүйенің пайдаланушы интерфейсінен тұратын прототиптің алғашқы 
нұсқасын әзірлеу; 
3) тапсырыс беруші мен соңғы пайдаланушының прототипті зерделеу 
сатысы. Қажетті өзгертулер мен толықтырулар туралы кері 
байланысты алу; 
4) алынған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, прототипті 
өңдеу. 
Прототип болашақ пайдаланушылардан кері байланысты алуға 
мүмкіндік береді, ал бұл ең қажет жағдайларда өте қажет: жоба басында 
жобалаудың қателерін шығынсыз өзгерту мүмкіндіктері бар болған 
кезде қажет. 
Прототиптің қасиеттерін зерделеу тапсырыс берушінің талаптарын 
оны бекіткенге дейін анықтау немесе тексеру мақсатымен жүзеге 
асырылады. Бағдарламалық қамсыздандыруға тапсырыс берушілер мен 
пайдаланушыларға әдетте әзірленетін бағдарламалық өнімге қойылатын 
талаптарды 
қалыптастыру 
қиынға 
түседі. 
Бағдарламалық 
қамсыздандыру өзге бағдарламалармен қалай өзара байланысады және 
пайдаланушылардың 
орындайтын 
қандай 
операцияларын 
автоматтандыру қажеттілігін алдын-ала көру қиын. Талаптарға мұқият 
талдау бағдарламалық өнімнің не істеу керектігін анық түсінуге 
көмектеседі.
Прототип 
жүйеге 
салынған 
тұжырымдамаларды 
көрсету, 
талаптардың нұсқаларын тексеру, сондай-ақ әзірлеу барысында сияқты, 
БӨ пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін проблемаларды іздеу және 
осы проблемаларды шешудің мүмкін нұсқаларын іздеу үшін 
қолданылатын бағдарламалық қамсыздандырудың бастапқы нұсқасы 
болып табылады.
Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарды құрумен 
жұмыс істегенде прототип бірқатар артықшылықтарын қамтамасыз 


73
етеді. Пайдаланушылар прототиппен тәжірибе жасап көре алады, ол БӨ 
қалай жұмыс істейтіндігін тексеруге мүмкіндік береді. Олар өнімнің 
әлсіз және күшті жақтарын анықтай алады, оның нәтижесінде жаңа 
талаптарды құруға болады.
Прототип бұрын қабылданған талаптарда кеткен кемшіліктер мен 
қателерді анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бағдарламалық 
қамсыздандырудың талаптарында анықталған кейбір функцияларды 
пайдаланушылар басында маңызды және қажет деп санауы мүмкін, 
алайда осы функцияларды қолдану процесінде олар туралы пікірі 
өзгереді. Нәтижесінде БҚ қойылатын талаптары өзгереді, БӨ 
функцияларын пайдаланушы жаңа қырынан түсіне бастайды.
Прототиптеуді жоспарлау сатысында тәуекелдерді талдау кезінде 
қолдануға болады. Бағдарламалық өнімді әзірлеу кезіндегі жаңа қауіп 
талаптардағы қателер мен жіберілген кемшіліктер болып табылады. 
Талаптардағы қателерді жоюға жұмсалатын шығындар әзірлеу 
процесінің кейінірек сатыларында өте жоғары болуы мүмкін.
Прототиптеу жүйені әзірлеудің жалпы құнын да азайтады. Осы 
себептеріне қарай оларды талаптарды әзірлеу процесінде жиі 
қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет