К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет98/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   195
142 
КОДТАУ ЖӘНЕ РЕТКЕ КЕЛТІРУ. 
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТЕЛЕРІ 
 
Кодтау - қандай да бір бағдарламалау тілінде белгілі бір алгоритмді 
іске асыру мақсатымен бағдарламалық кодты жазу процесі.
Кодтау талдаумен, жобалаумен, ретке келтірумен, тестілеумен, 
сүйемелдеумен бірге бағдарламалаудың бөлігі болып табылады. 
Басқаша айтқанда, кодтау кезінде тиісті тілдердің бірі болатын таңдап 
алынған бағдарламалау 
тілінің 
құралдарымен 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың құрылған моделіне сипаттама беріледі. Тілді таңдау 
тапсырыс берушінің тілегімен, не болмаса шешілетін міндеттерді және 
әзірлеушілердің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, жүзеге 
асырылады.
Ретке келтіру деп бағдарламалық қамсыздандыруды тестілеу 
кезінде анықталған қателерді оқшаулау мен жергілікті ету процесін 
атайды.
Оқшаулау есептеу процесін бұзуды тудырған бағдарлама 
операторын/операторларын анықтау болып табылады.
Қателерді түзету үшін оның себебін анықтау қажет, яғни қатеден 
тұратын оператор немесе үзіндіні анықтау керек. Қателердің себептері 
анық болуы мүмкін, сол сияқты өте жасырын болуы мүмкін.
Қателерді бағдарламаны өңдеу сатысы бойынша жіктеу: 
■ 
компиляция қателері (синтаксистік қателер) - бағдарламаны 
синтаксистік және жекелей семантикалық талдауды орындау кезінде 
компилятор (транслятор, интерпретатор) белгілейтін қателер; 
■ 
жинау қателері - бағдарлама модульдерін біріктіру кезінде жинаушы 
(байланыстар редакторы) анықтаған қателер; 
■ 
орындау қателері - бағдарламаны орындау кезінде операциялық 
жүйе, аппараттық құралдар немесе пайдаланушылар анықтаған 
қателер. 
Компиляция қателерін ең қарапайым топтарға жатқызады, мысалы 
тіл синтаксисі, негізінен, ол қатаң формалданған және де қателердің
жіберілген орны көрсетілген түсініктемелерімен қатар жүреді.
Тіл синтаксисінің ережелері қаншалықты жақсы қалыптастырылған 
болса, компилятор қателерді соншалықты көбірек анықтай алады. 
Сәйкесінше келесі сатыларда қателер аз анықталатын болады. Осыған 
байланысты синтаксисі қорғалған және қорғалмаған синтаксисі бар 
бағдарламалау тілдері туралы айтады.
Жинау қателері сыртқы сілтемелері рұқсат етілгенде анықталған 
проблемалармен байланысты. Мысалы, басқа модульдің қосалқы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет