К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет149/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   195
CASE-ҚҰРАЛДАРДЫҢ НЕГІЗГІ 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
МҮМКІНШІЛІКТЕРІ 
 
CASE-құралдардың негізгі компоненттері 
және олардың функциялары 
CASE-құралдары, 
бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік 
циклының әртүрлі негізгі, көмекші және ұйымдастырушылық 
процестерінің 
кезеңдерін 
қолдайтын 
әртүрлі 
функционалдық 
тағайындалудың аспаптарын қамтиды. CASE-құралдардың құрамына 
төрт негізгі компонент кіреді. 
1. Жоба туралы барлық ақпаратты орталықтандыра сақтау 
құралдары - репозиторий. Әзірленетін бағдарламалық қамсыздандыру 
немесе жүйе туралы ақпаратты әзірлеудің бүкіл өмірлік циклының 
ішінде сақтауға арналған. 
2. Енгізу құралдары. Репозиторийге, жоба қатысушылары CASE-
құралымен өзара әрекеттесу ұйымдарына мәліметтерді енгізуге 
арналған. Талдау, жобалау, тестілеу, бақылаудың әртүрлі әдіснамаларын 
қолдау тиіс. Бағдарламалық қамсыздандырудың немесе жүйенің өмірлік 
циклы бойы жоба қатысушылырына (жүйелі талдаушыларға, 
жобалаушыларға, бағдарламашыларға, тестілеушілерге, менеджерлерге, 
сапа бойынша мамандарына және т.б.) әртүрлі санаттарымен қолдануға 
арналған.
3. Талдау және әзірлеу құралдары. Әзірлеу барысында графикалық 
және мәтіндік сипаттамалардың әртүрлі түрлеріне және олардың 
түрлендірулерін талдауға арналған. 
4. Шығару құралдары. Кодты генерациялау, әртүрлі құжат түрлерін 
жасау, жобаны басқару үшін қызмет етеді.
CASE-құралдардың барлық компоненттері жиынтық түрінде келесі 
функционалдық мүмкіншіліктері бар: 
■ 
графикалық модельдерді сүйемелдеу; 
■ 
қателерді бақылау; 
■ 
репозиторийді қолдау; 
■ 
БҚ ӨЦ негізгі, көмекші және ұйымастырушылық процестерін қолдау. 
CASE-құралдардағы 
графикалық 
модельдерді 
қолдау. 
Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеудің ең бейнетті кезеңдері 
талаптарды қалыптастыру және жобалау кезеңдері болып табылады, 
олардың барысында CASE-құралдар қабылданатын техникалық 


230 
шешімдердің сапасын және жобалық құжаттаманы дайындауды 
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ақпаратты көзбен шолып таныстыру 
әдістері үлкен рөлін ойнайды. Талдау және жобалаудың графикалық 
құралдары, БҚ жүйесінің модельдерін құратын өзара байланысқан 
диаграммаларды құруды және редакциялауды қамтамасыз етеді. 
Нысандар тобына құру, ауыстыру және түзету, олардың өлшемдерін 
өзгерту, масштабтау, оларды ауыстыру және өлшемдерін сақтау кезінде 
нысандар арасындағы байланысты сақтау, қателерді автоматты түрде 
бақылау және басқа мүмкіншіліктері бар. 
Пәндік саласын модельдеудің графикалық құралдары, берілген 
мақсаттар мен қолданыстағы шектеулерге сәйкес оны өзгерту 
әзірлеушілерге көрнекі түрде қолданыстағы ақпараттық жүйені 
зерттеуге мүмкіндік береді. Жобалаудың әртүрлі деңгейлерінде 
бағдарламалық қамсыздандырудың графикалық ұсынысының әртүрлі 
түрлерін және нотацияларын қолдана алады. Әдетте әртүрлі түрдегі 
диаграммалар қолданылады, соның ішінде талаптар иерархиялары. 
Диаграммаларды әзірлеу арнайы графикалық редакторлардың 
көмегімен жүзеге асырылады, олардың негізгі функциялары 
иерархиялық байланысқан бағдарламаларды, олардың нысандарын және 
нысандардың арасындағы байланысын құру және редакциялау, сондай-
ақ қателерді автоматты түрде бақылау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет