К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет152/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195
 
Кодты генерациялау құралдары 
 
Кодты генерациялау үшін пәндік саланың метадеректері, үлгілері 
және ережелері анықталуы тиіс. Пәндік сала ережелері үлгілердің, 
метадеректердің қандай болатындығын анықтайды. Генератор болса, 
метадеректер мен үлгілердің негізінде автоматы генерацияланған кодты 
тұрғызады.
Кодты генерациялау - бұл арнайы құралдармен (код 
генераторларымен), 
бағдарлама 
кодын 
автоматты 
немесе 
автоматтандырып жасау болып табылады, ол кезінде берілген шарттар 
бойынша бағдарламаның бастапқы коды толығымен немесе ішінара 
қалыптасады.
Кодты генерация құралдарын екі түрге бөлуге болады: 
1) өнімнің басқарушы құрылымын генерациялау құралдары; 
аталмыш құралдар бағдарламалық құралдың логикалық құрылымын, 
дерекқорға арналған кодтарды, экрандарды, есептерді автоматты 
құруды орындайды. Бағдарламалық құралдың қалған үзінділері қолмен 
кодталанады; 
2) толық өнімнің генерациялау құралдары; аталмыш құралдар 
әзірленген сипаттамалар немесе модельдердің негізінде бағдарламалық 
құралдың, 
оның 
пайдаланушылық 
және 
бағдарламалық 
құжаттамасының толық кодтарын генерациялауға мүмкіндік береді. 
Генераторлар көптеген қысқа, ұқсас итерацияларды орындауды 
талап ететін проблемалық салада жақсы қолданылады, мысалы, 
дерекқорлар, мұнда жобалаудың бірдей үлгісі көп рет көптеген 
дерекқордың кестелеріне қолданылады. Әрбір кестенің құрылымы 
бірегей бола алады, бірақ кодты әзірлеу кезіндегі кестелерге кестенің 
жолына қойылатын шарттар мен ережелер бірдей. 
Іс жүзінде ең қолданбалы салалары болып табылатындар: 
■ 
дерекқордың 
қосымшалары 
(логикасы 
жоқ 
нысандар, 
транзакцияларды қолдау); 
■ 
SQL-сауалдар; 


234 
■ 
дерекқорлармен әрекеттесетін, оларды дерекқорларды енгізу-
шығаруға пайдаланатын қосымшалар; 
■ 
бағдарламалаудың нысанға бағытталған тілдерінің кластары және 
құрылымы; 
■ 
бағдарламалық кодты тестілеу; 
■ 
бағдарламаның техникалық құжаттамасы. 
Жоғарыда сипатталған жағдайлардан басқа, кодты генерациялау 
скриптерді, конфигурациялық, командалық файлдарды, макростарды 
және т.б. автоматты түрде құру үшін қолданылуы мүмкін. 
Бағдарламалық жобаны әзірлеу кезіндегі автоматты түрде кодты 
генерациялауды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. 
1. Машинамен генерацияланған кодтың құрылымдылығы және 
кодтың келісімділігі. Генератор символға дейінгі дәлдікпен кодты жазу 
ережелерін сақтауға мүмкіндік береді.
2. Қосымшаның сәулеті деңгейіндегі келісімділік. Генераторды 
қолдану құрылатын кодтың қосымшалардың бастапқыда жобаланған 
құрылымына және үлгілеріне сәйкес келеді деген сенімділік береді. Егер 
қайсыбір функционалдылықты генератордың көмегімен іске асыру 
мүмкін болмай жатса, бұл оның бастапқы сәулетіне сәйкес келмейді 
деген сигнал болып табылады.
3. Кодтың жоғары сапасы және қателерді жеңіл жөндеу. 
Бағдарлама қателіктерден бос және тұрақты.  
4. Өзгерістерге икемділігі. Егер талаптар өзгеретін болса, тек 
үлгілерді жаңартып, кодтың жаңа нұсқасын шығару қажет. Басқа 
технологиялар мен платформаларға жеңіл және қиналмай өту 
мүмкіншілігі бар. Адами фактордың салдарынан пайда болатын 
қателерді мейлінше қысқартуға келеді.
5. Әзірлеу жылдамдығы. Егер метадеректер әлдеқашан жіберілсе 
және енгізілсе, онда үлкен көлемді кодты генерациялау нанғысыз қысқа 
мерзімде жүргізілу мүмкін.
6. Қосымша туралы бірыңғай ақпарат көзі. Қолмен жазылатын 
қосымшаларда, кестенің немесе баған атауының қарапайым өзгеруі 
кодтың көптеген жерлерінде өзгерістер топтамасын тартуы мүмкін. 
Генерациялау кезінде метадеректер бөлек дереккөзде болады, сол 
себептен сызба анықталатын жердегі кесте немесе бағанның атауын 
өзгерткен және кодты қайта құру жеткілікті. 
7. Бизнес-қисын көрнекілігі. Қолмен жазылатын қосымшаларда, 
бизнес қисынның мағынасы бағдарламалық кодтың жүздеген және 
мыңдаған қатарларында жоғалып кетеді. Генераторлар метадеректер 
файлдарын пайдаланады, оларда бағдарламалатын пәндік саланың 
барлық құрылымы, оның жай-күйі, ерекшеліктері және т.б. көрінеді. 


235 
Қосымша дерексіздіктің жоғары деңгейінде не істейтіндігін түсіну оңай. 
Метадеректерді қосымшаның пәндік саласындағы сарапшылар 
пайдалана алады.
8. Кодты дайындаудың жетілдірілген процесі. Енді кодты құру 
процесі аз уақыт алатындықтан, қосымшаны жобалауға көп уақыт бөлу 
мүмкіндігі пайда болады. Жобаны орындау уақыты азайтылады, жобаны 
сүйемелдеу қолайлылығы артады. Сонымен қатар, жобалау кезінде 
жіберілген қате, тек әзірлеу процесінде ғана анықталған жағдайларды 
болдырмауды талдап және тестілеп отырып, генератордың көмегімен 
кодтың көптеген прототиптерін жылдам дайындауға болады.
9. Бағдарламашылардың әзірленудің интеллектуалдық саласына 
зейін қою мүмкіншілігі, бұл олардың кәсіби дағдыларын үздік 
пайдалануға, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. 
10. Бағдарламашылардың жұмыс қолайлылығын жақсарту. Дәл 
қазір қажет нәрсе генерацияланғандықтан, код таза әрі қарапайым бола 
түседі.
11. Бағдарламашылардың 
жұмысқа деген ынтасын және 
қызығушылығын жақсарту. Жоғарыда аталып өткендердің барлығы 
әзірлеушінің жұмысын қызық, маңызды әрі өнімді етеді, бұл 
ынталандыруға оң әсерін тигізбей қоймайды, ал бұл жобаның сәттілігін 
әсер ететін өте маңызды фактор болып табылады.
Код генераторын қолдану барлық жағдайларда тиімді бола бермейді. 
Егер жоба көлемі айтарлықтай үлкен болмаса, егер код генерацияға 
қиын берілсе, қосымшаны қолмен жазған оңайырақ болып көрінуі 
мүмкін. Практикада әрдайым қолмен құруды қажет ететін код бөлімі 
болады. Осындай кодтың көлемі әртүрлі жобаларда әрқилы болуы 
мүмкін. 
Генерация басынан жүзеге асырылуы мүмкін, ол жағдайда код 
үлгілерден және метадеректерден генерацияланады, алдын-ала 
құрылған код болмайды. Кейде, белгілі бір жолмен қолданыстағы код 
өзгереді. Бұл жағдайда бастапқы код үлгі рөлін атқарады, сондай-ақ 
метадеректерді қамтуы мүмкін.
Метадеректер иерархиялық құрылымы бар арнайы файлдарда 
(мысалы XML-файлдар), жобалау тілдерінің файлдарында (мысалы, 
UML), басқа файлдық дереккөздерде, мәтіндік файлдарда, дерекқорда 
және басқаларда сақталуы (және алынуы) мүмкін. 
Генерацияланған код аяқталған және аяқталмаған болуы мүмкін. 
Аяқталмаған генерацияланған код кейінгі қолмен түрлендіруді қажет 
етеді. Жиі бұл генератордың жасалып бітпегендігін, шикілігін немесе 
код генерациялануға нашар берілетіндігін көрсетеді. Аяқталған 
генерацияланған код түрлендіруді қажет етпейді және оны өндірістік 


236 
сызбаға шығаруға болады. Бұл бағдарламалық жобаның қолдан 
жасалған 
кодты 
қамтымайтындығын 
білдіреді, 
жай 
ғана 
генерацияланған код қолмен жасалған кодпен өзгеріссіз біріктіріледі.
Бағдарламалық кодтың генерациялау масштабы әртүрлі болуы 
мүмкін: 
■ 
белгілі бір модуль немесе файлдар тобы - генератордың 
жұмысын бастапқы сынамалы тексеру кезінде қолданыла алады; 
■ 
қосымша сәулетіндегі деңгей - қосымша сәулетінде тек бір 
деңгей генерацияланады. Көбісінде бұл дерекқорлар деңгейі, себебі 
ол генерацияға оңай беріледі және қалған басқа деңгейлердің 
жұмысы оған байланысты. Дерекқорлардың деңгейінсіз басқа 
деңгейлердің генерациясы өзінің тиімділігінде көптен айырылады; 
■ қосымша сәулетіндегі барлық деңгейлер - қосымшаның әрбір 
деңгейінде генерацияланған код қолданылады. Қосымшаның көп 
бөлігін генерациялауға мүмкіндік беретін үлгілер әзірленген 
жағдайда қолданылады.
Кодты генерациялау технологиясы әлеуетті шексіз мүмкіндіктері бар 
тиімді және қуатты техника болып табылады. Дегенмен, код генераторы, 
барлық 
проблемаларды 
шешетін 
сиқырлы 
таяқша 
болып 
табылмайтындығын ескерген жөн. Егер жобалау кезеңінде қателіктер 
жіберілсе, немесе жоба идеясы ең үздік болмаса, онда ешқандай 
генератор жобаның сәттілігіне кепілдік бере алмайды. Код генераторы, 
басқа аспаптық құралдар секілді, - бұл аспап, ал аспапты сауатты 
қолдану - әзірлеушінің міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет