К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу


Бағдарламалық құралдар және жүйелердің өмірлік циклының



Pdf көрінісі
бет151/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   195
Бағдарламалық құралдар және жүйелердің өмірлік циклының 
процестерін қолдау. Әзірлеу процесін қолдаудың негізі ретінде 
төменде берілген заманауи CASE-құралдардың қасиеттері болып 
табылады.
1. Жүйенің немесе бағдарламалық құралдардың барлық өмірлік 
циклын 
өтеу. 
Заманауи 
CASE-құралдар 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың толық өмірлік циклын қолдайды. Дегенмен, 
алдыңғы қатардағы назар әзірлеу процесінің бастапқы жұмыстарына 
аударылады - жүйеге қойылатын талаптар талдауына, жүйелік сәулетті 
жобалауға, бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптарды талдау 
және бағдарламалық сәулетті жобалауға. БҚ қойылатын талаптарды 
сауатты әзірлеу тұтастай жобаның негізі болып табылады, олардың 
толықтығы және дұрыстығы тапсырыс берушінің талаптарына әзірлеу 
нәтижелерінің сәйкестік деңгейін анықтайды.
2. Прототиптендіруді қолдау. Күрделі немесе сыни бағдарламалық 
қамсыздандыруды әзірлеу үшін арналған өмірлік циклдың көптеген 
үлгілері прототиптендіру қолдануға негізделеді. Прототиптерді әзірлеу 
өмірлік циклдың ерте кезеңдерінде жүзеге асырылады және 
бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарды нақтылауға, 
сондай-ақ дайындалатын өнімнің жай-күйін болжалдауға мүмкіндік 
береді. 
3. Бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
әзірлеудің 
заманауи 
әдістемесін қолдау. CASE-құралдардың заманауи қатары, әдеттегідей, 
әзірлеу процесінің әртүрлі кезеңінде пайдалану үшін арналған әртүрлі 
әдістемелерді қолдайды. Сонымен бірге, әртүрлі диаграмма түрлерін 
құруды графикалық қолдау, жобалау қадамдарының дұрыстығын және 
құжаттама дайындауды бақылау орындалады. 
4. Автоматты түрде кодты генерациялау. Кодты генерация 
бастапқы кодтардың 90% дейін автоматты түрде жоғары деңгейлі 


233 
тілдерде құруға мүмкіндік береді. 
Әртүрлі CASE-құралдармен бағдарламалаудың барлық танымал 
тілдері қолданады.
CASE-құралдарды пайдалану құрылатын жобалардың сапасын 
жақсартуға мүмкіндік береді, ал ірі корпоративті жүйелер құру кезінде 
тіпті шарасыз болып табылады. Дегенмен, CASE-құралдарды 
пайдалану, бағдарламашыны логикалық жобалаудың тек қана жалпы 
мағынасын түсінуден ғана емес, сонымен қатар оның егжей-тегжейін 
түсінуден босатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет