К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет156/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   195
240 
Санаттар бойынша жіктелімі CASE-құралдардың атқарылатын 
қызметтері бойынша біріктірілуін бейнелейді.
1. Tool санаты (tool - жұмыс құралы) бірігудің ең төменгі деңгейінің 
құралдарын қамтиды. Құралдардың аталмыш санатсына бағдарламалық 
құралдар немесе жүйені әзірлеу кезінде шағын дербес міндетті шешетін 
аспаптық құралдар жатады. Әдетте аталмыш санатының құралдары 
CASE-құралдардың жоғары деңгейлі бірігетін компоненттері болып 
табылады. 
2. ToolKit санаты (toolkit - құралдар жиынтығы, әзірлеуші пакеті) 
орта деңгейлі бірігетін CASE-құралдарды қамтиды. Аталмыш санаттың 
құралдары репозиторийді жоба туралы барлық ақпарат үшін қолданады 
және әзірлеу процесінің бір кезеңін немесе бір жұмысын қолдауға 
немесе бағдарламалық жүйенің өмірлік циклының көмекші немесе 
ұйымдастырушылық процестерінің бірін қолдауға бағдарланған. 
Аталмыш санатның CASE-құралдары, әдетте жалпы функционалдық 
бағдары бар аспаптық құралдардың біріктірілген жыинтығын білдіреді.
3. Workbench санаты (workbench - жұмыс орны) бірігудің ең жоғарғы 
деңгейіне ие. Құралдар БҚ өмірлік циклының барлық әзірлеу процесін 
және бірқатар көмекші және ұйымдастырушылық процестерін 
қолдайтын аспаптық құралдардың біріктірілген жиынтығын білдіреді. 
Репозиторийді жоба жөніндегі ақпаратты сақтауға қолданады, жоба 
бойынша ұжымдық жұмысты ұйымдастыруды қолдайды. Әдетте, 
Workbench санатын CASE-құралдардың қатары жатады, оларды 
біріктіріп пайдаланған жағдайда.
Деңгейлері бройынша жіктеу жүйенің және ұйымның 
бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклындегі CASE-
құралдардың әсер ету саласымен байланысты.
1. Жоғарғы (Upper) CASE-құралдар - компьютерлік жоспарлау 
құралдары. Олардың негізгі мақсаты ұйымдар, кәсіпорындар және 
нақты жоба басшыларына жоба жоспарын құру және саясатын 
ұйымдастыруда көмек көрсету болып табылады. Аталмыш деңгейдің 
СASE-құралдары пәндік саласының моделін құрауға, әртүрлі 
сценарийлердің (қолданыстағы, ең үздік, ең нашар) талдауын жасауға, 
оңтайлы шешім қабылдау үшін ақпарат жинауға мүмкіндік береді.
2. Орташа (Middle) CASE-құралдар әзірлеу процесінің бастапқы 
кезеңдерін қолдайды (пәндік саласын талдау, жүйеге қойылатын 
талаптарды әзірлеу, жүйелік сәулетті жобалау, жобалауға қойылатын 
талаптарды әзірлеу, бағдарламалық сәулетті жобалау. Әдетте аталмыш 
құралдар жоба жөніндегі ақпаратты жинақтау және сақтау 
мүмкіндіктеріне ие. Бұл жинақталған деректерді ағымдық және басқа 
жобаларда қолдануға мүмкіндік береді. Жиі прототиптендіруді және 


241 
автоматты түрде құжаттамалауды қолдайды. 
3. Төменгі (Lower) CASE-құралдар БҚ әзірлеу процесінің екінші 
жұмыс бөлігін қолдайды. Сипаттамалар әдетте, әзірленіп жатқан 
бағдарламалық құралдың немесе жүйенің бағдарламалық кодына 
тікелей түрлендірілетін модельдер түрінде беріледі. Автоматты түрде 
90% дейінгі кодтар генерацияланады. Кодты генераторларға арналған 
кіріс ақпараты - аталмыш деңгейдің CASE-құралдарында, сондай-ақ 
орташа деңгейдегі CASE-құралдарда әзірленген сипаттамлар болып 
табылады. Төменгі деңгейлі CASE-құралдар, әдетте, прототиптендіруді, 
тестілеуді, 
конфигурацияны 
басқаруды, 
құжаттамаларды 
генерациялауды қолдайды, БҚ түрлендірілімін және сүйемелдеуін 
жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет