К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет159/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   195
Бірігіп модельдеу. Жобаның әрбір қатысушысының кез келген 
уақытта қызығушылық танытқан моделін іздеу және рұқсат құралы бар. 
Біріккен жұмыс кезінде үш режим қолданылады: қорғалмаған, қорғалған 
және қарап шығу режимі. Қарап шығу режимінде модельді кез келген 
өзгертуге тыйым салынады. Қорғалған режимде, бір пайдаланушы 
жұмыс істейтін модель, басқа пайдаланушымен өзгертіле алмайды. 
Қорғалмаған режимде пайдаланушылар шынайы уақыт масштабында 
жалпы модельдермен жұмыс істей алады. Сонымен бірге пайда болатын 
қақтығыстар арнайы модуль Intelligent Conflict Resolution (ICR) 
көмегімен шешіледі.
Шешімдер кітапханасын құру. Model Mart, іске асырылған 
жобалардың ең сәтті үзінділерін қамтитын стандартты шешімдер 
кітапханасын құруға, типтік модельдерді қажет болған жағдайда үлкен 
жүйелер «жинағына» біріктіріп пайдалануға және жинақтауға мүмкіндік 
береді. Қолданыстағы дерекқордың негізінде Erwin көмегімен 
модельдерді қалпына келтіру мүмкін (реверсті инжиниринг), олар жаңа 
жүйеге жарамдылығын талдау барысында модельдер кітапханасынан 
алынған типтік модельдермен біріге алады.
Рұқсатты басқару. Жобаның әрбір қатысушысына рұқсат құқығы 
белгіленеді, оларға сәйкес олар белгілі бір модельдермен жұмыс істеу 
мүмкіндігін алады. Рұқсат құқықтары топтарға және жобаның жекелеген 
қатысушыларына анықталуы мүмкін. Әртүрлі жобаларға қатысатын 
мамандардың рөлі өзгеруі мүмкін, сол себептен Model Mart жоба 
қатысушыларының кітапханаларға рұқсат беру құқықтарын анықтауға 
және басқаруға болады. 
Басқа құралдармен өзара әрекеттесу. Erwin Rational Rose-бен 
өзара әрекетестікті қолдайды: ERwin Translation Wizard модулі Rational 
Rose нысанды моделін ERwin моделіне айырбастауға (және кері) және 
содан кейін Erwin көмегімен Erwin-де кез келген қолданылатын ДББҚ 
үшін ДБ сызбасын генерациялауға мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ, 
деректерді 
BPwin 
және 
Oracle 
Designer 
репозиторийлерінен Erwin репозиторийіне(н) импорттау/экспорттау 
мүмкіншілігі бар.
A l l F u s i o n P r o c e s s M o d e l e r . Ертеректе BPwin, AllFusion 
Process Modeler деп аталған - қуатты бағдарламалық өнім, оның 
көмегімен бизнес-процестерді модельдеуге, талдауға, сипаттауға және 
кейінгі оңтайландыруын жүргізуге болады. 
BPwin көмегімен бизнес-процестердің графикалық модельдерін 
құруға болады. Жұмыстарды орындау сызбасының графикалық бейнесі, 


246 
құжат айналымын ұйымдастыру, әртүрлі ақпарат түрлерімен алмасу 
бизнесті ұйымдастырудың қолданыстағы моделін көзбен шолуға 
мүмкіндік береді. Бұл ұйымды басқару міндеттерін шешу үшін алдыңғы 
қатарлы инженерлік технологияларды пайдалану мүмкіндігін береді.
BPwin функционалдық модельдеуді, жұмыс ағындарын және 
деректер ағындарын модельдеуді қолдайды. Тиісті диаграммалар IDEF0, 
IDEF3 және DFD стандарттарының негізінде іске асырылған. 
Функционалдық модельдеу, жүйелі түрде орындалатын міндеттерге 
(функцияларға) 
назар 
аудара 
отырып, 
бизнес 
процестердің 
жүйелендірілген талдауын жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Жұмыс 
ағынын модельдеу процесті орындаудың логикасын талдауды 
қамтамасыз етеді. Дерекқорды модельдеу әртүрлі міндеттердің 
арасында деректерді алмасуға назар аударуға мүмкіндік береді. Мұнан 
басқа, BPwin жекелеген модельдер құрылатын болғандықтан, сондай-ақ 
аралас модельдер де құрыла алады.
Ұйымның жұмысын кешенді түрде талдау, және үлкен модельдерді 
құру үшін, BPwin-де талдап-тексеру қарастырылған. Модельдер 
топтарға бөлінеді. Әрбір модель талдап-тексерудің төменгі деңгейінде 
беріледі. Сонымен бірге, модельдер мен олардың элементтері 
арасындағы өзара байланыстылық сақталады. BPwin көмегімен 
модельді құрамдас бөліктерге бөлуге, олардың әрқайсысымен жұмыс 
жасауға болады, содан кейін қайтадан бірыңғай модельге біріктіруге 
болады.
BPwin модельдердің келесі түрлерін құруға мүмкіндік береді: 
■ 
IDEF0 
стандартының 
негізінде 
құрылған 
функционалдық 
диаграммалар; 
■ 
IDEF3 
стандартының 
негізінде 
құрылған 
жұмыс 
ағыны 
диаграммалары. Бұл диаграммалар, тапсырмаларды белгілі бір 
жүйелілікте беру арқылы процестің логикасын көрсетуге мүмкіндік 
береді. Кейінірек бұл модельдерді динамикалық модельдерді құруға 
арналған негіз ретінде пайдалануға болады; 
■ 
деректер ағынының диаграммалары; 
■ 
бағалық талдау модельдері. Бұл модельдер бағалық талдау ережелері 
бойынша тұрғызылады (Activity Base Costing - талдау). Модель, егер 
толығымен аяқталған және кереғар емес функционалдық модель бар 
болған жағдайда ғана тұрғызылауы мүмкін. Функционалдық 
модельдердің осы тапсырмаларының әрқайсысына шығындарды 
таныстыратын метрикалар тағайындалады. Модель үшін шығын 
орталықтары анықталады. Нәтижесінде бағалық талдау моделі пайда 
болады; 
■ 
динамикалық 
модельдер. 
Бұл 
модельдер 
жұмыс 
ағыны 


247 
диаграммасының негізінде тұрғызылуы мүмкін. BPwin процесі 
тапсырмалары жағдайларының дикретті өзгеруінің барысында 
әсерді зерттеуге мүмкіндік береді. Ол үшін процесс қылығының 
әртүрлі сценарийлері берілуі мүмкін.
BPwin-нің модельдер мен жобаларды құжаттау құралдарының кең 
жиынтығын бар екендігін айта кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет